• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:27:49
Алматы
+35°

Жақсылық пен қайырымдылық жасауға бейім тұратын, жүрегінің жылуы мол азаматттардың демеуі мен қолдауының арқасында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Жамбыл облысында бірнеше отбасының балалары қуанышқа кенелді. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалы және аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Партияның «Бақытты отбасы», «Бақытты балалық шақ» және «Кедергісіз келешек» жобаларын іске асыру мақсатында ауданымыздағы көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына «Мектепке жол» акциясы аясында алғашында 50 балаға, бейсенбі күні өткен шарада 30 балаға аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерінің демеушілігімен сөмке және мектепке қажетті оқу құралдары табысталды.

«Жүректен - жүрекке» атты қайырымдылық шарасында аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова сөз алып, еліміз бойынша өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясының маңыздылығына тоқталды. Жас өскіндерге қуаныш сыйлаудың өзі бақыт екендігін, алдағы уақытта да қамқорлық көрсетіле беретіндігін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Ата – аналар мәрт азаматтардың өз балаларына тигізген көмегіне алғыстарын айтты.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бойынша қосымша шаралар қабылдап, акция 2008 жылдан бері жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп келеді.

Биыл акция бір ай ерте, яғни 1 шілдеден басталды. Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында жылжымалы пункттер, сондай-ақ еріктілерді тартумен мобильді топтар ұйымдастырылды.

Жалпы, биыл облыс бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 30 мыңға жуық оқушыға көмек көрсетіледі.

Игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы жылы алғаш рет "Менің Атамекенім" порталында "Мектепке жол" платформасы іске қосылды. Аталға сайт көп балалы және аз қамтылған отбасылардан өтініштерді жыл бойы қабылдайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір