• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Қараша, 19:57:27
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

"Бұл – сенің мәселең ғой": Назарбаев биліктен көмек сұраған аналар мен оралмандарды сынады

Назарбаев биліктен көмек сұрайтын көп балалы аналар мен оралмандар туралы пікір білдірді

Назарбаев биліктен көмек сұраған көп балалы аналар мен оралмандарды сынады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары күн сайын жүздеген мәлімдеме жасап, ел ішінде мыңдаған сапар жасадым. Себебі жұмыс та, айлық та жоқ еді. Дүкен сөрелері бос тұратын. Сол кезде бәрі ақша бер дейтін. Мемлекетте ақша жоқ болса нені береді? Қазір сол отыз жыл бұрынғы лозунгіні көтеріп, "маған бер, менің балам көп, айлығым аз" дейді. Сен не ойладың? Бұл – сенің мәселең ғой, сен бұрын мемлекетпен ақылдаспадың ғой", - деді Назарбаев. 

Сондай-ақ мемлекеттен көмек сұрайтын оралмандар туралы да сөз қозғады. 

"1 миллион қазақты шақырдық. Бұлай бірде-бір ел жасамады. Оларға балаларың үйленсін, өссін десек, [оралмандар] маған бер деп ақша сұрайды. Жұмыс істеңдер! Жұмыс істемесе ештеңе болмайды" , -дейді Назарбаев. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір