• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:01:57
Алматы
+35°

«Zhamal-ai LTD» ЖШС 25 жылдан астам уақыт тынбай жұмыс істеп келеді. Отандық нарықта өзін тек үздік жағынан көрсетіп жүр. 

Индустриялық сертификат мемлекеттік сатып алуға қатысуға, отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді шетелде көрсету бойынша шығындарды өтеуге рұқсат береді.Серіктестік жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз жасаушылар арасынан алғашқы болып осы құжатқа қол жеткізді.

«Бұған дейін өндіріс ошағы СТ KZ сертификатымен өнім шығарып келді. Жаңа сертификатты алу үшін тиісті дәлелді құжаттар жинақтадым. Өндіріс ғимаратын, қарқынды жұмыс істеп тұрған өндірісті, отандық өнім шығарып жатқанынын, техникаларын арнайы комиссия тексерді. Сонан соң алғашқы болып біздің кәсіпорынға беруге шешім қабылдады»,- дейді сертификаттау жөніндегі инженер Болат Дүйсекешев. 1

Ал, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының сертификаттау жөніндегі 1-санатты маманы Асхат Ысқақов: «Индустиялық сертификаттың талаптарына сай құжаттар тізімі берілді. Еліміздегі 28 сарапшы маманды ұсынып, біреуі таңдалды. Оған кәсіпорынның құжаттарын жіберіп, тексерістен өтті. Сарапшының оң қорытындысы келген соң, мамандар тобы арнайы барып тексеріп, лайықты деп тапты. «Zhamal-ai LTD» ЖШС 268 тауар түріне арналған индустриялық сертификатқа ие болды»,-дейді. 1

Жеңіл өнеркәсіп саласында кәсіпорын бірнеше рет республикалық, облыстық және қалалық көрмелердің жеңімпазы және жүлдегері болды. Мұнда 160 адам еңбек етеді. Кәсіпорын цехтары заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Кәсіпорын арнайы жұмысшы киімі мен аяқ киімдерін өндіруден бөлек, халыққа арналған күнделікті аяқ киім шығаруға да кірісті. Арнайы киімдер мұнайшыларға әскери күш құрылымдарына, құқық қорғаушыларға, медицина қызметкерлеріне арнап тігілуде.Лицейлерге арналған оқушылардың мектеп формасы да тігіншілер қолынан шығады.

Атап айтқанда, «Sharkey» бренді – бұл сәнді, әдемі және жоғары сапалы былғарыдан жасалған аяқ киім. Барлық отбасына, яғни ер адам, әйел, балаларға арналған аяқ киімдерсапасы жағынан жақсы танылған отандық өнім.

Өндірісті кеңейту мақсатында 2017 жылы 100%  мақтадан жасалған киімдер тігу технологиясы енгізілді. Поло жейделері, ұзын және қысқа жеңді футболкалар, балалар полосы, балалар спорт киімі осы санатқа жатады.  Қазіргі уақытта нарықтағы барлық өнім тұтынушылардың үлкен сұранысына ие. 1

«Zhamal-ai LTD» ЖШС директоры Зибира Хасанованың айтуынша, кәсіпорын жылына19 мың дана арнайы киім тігіп отыр. Сонымен қатар, жылына 100 мың жұп арнайы аяқ киім мен  30 мың жұпмакасиншығарып келеді. Кейбір аяқ киімдердің табаны осында құйылады. Шикізаттар Ресей мен Италия, Түркиядан жеткізілуде.

Сапалы өнімдер Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында саудаланып жатыр. Мұннан бөлек Астана мен Алматы қалаларында да сауда нүктелері бар.

Жақында Атыраудан да ашу жоспарда бар.Қыркүйек айының 3 мен 6 аралығында Мәскеуде көрмеге қатысып, кәсіпорын өнімдері халықаралық нарыққа жол тартпақшы. Мақсат - "Қазақстанда жасалған" таңбасымен отандық тауарлардың экспорт аясын кеңейту.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір