• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:52:31
Алматы
+35°

21 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

79 қылмыс жасаған өскемендік әйел ұсталды

Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өскеменде криминалдық полиция қызметкерлері 79 қылмыс жасаған әйелді ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Altaynews.kz сайтының дерегін негізге алып.

37 жастағы әйел соңғы қылмысын 14 тамыз күні жасады. 27 жастағы тұрғынның автокөлігінің жүк салғышынан  көлік саймандарын ұрлап кеткен. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықтап, қолға түсірді. Бұған дейін 78 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел бұл жолғы кінәсін де мойындап отыр.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір