• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 14:10:01
Алматы
+12°

03 Шілде, 2015 NEWS

«ШАЛЕМ КАЗАХИСТАН»: Баланы Үкімет сатады, дәрігерлер сотталады

  Осы күні Қазақстан телеарналарын  көретініміз «Шет елдегі қазақ балалары» деген  айдармен берілетін «сатылып» кеткен балалардың өмірі жайлы телехабар.

  Осы күні Қазақстан телеарналарын  көретініміз «Шет елдегі қазақ балалары» деген  айдармен берілетін «сатылып» кеткен балалардың өмірі жайлы телехабар.

        Үкіметіміз  мұхит асырып шетелге бала сатуда (соңғы деректер он мыңнан асты делініп жүр). Біз тіпті үлкен парламент мінберінен Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың қазақ балаларын американдықтар көптеп сатып алуда деп мақтанғанында естідік.

       16 маусым 2015 жыл. Қазақстан теле арналарының соңғы жаңалықтарының барлығы дерлік Оңтүстік Қазақстандағы (Шымкент) бір аурухана (перзентхана) дәрігерлерінің өзге де делдалдық етушілермен бірге бірнеше баланы сатқандары жайлы хабар таратты. Соңғы жылдары  бұндай жағдайлардың еліміздің көптеген облыстарында орын алып жүргендері жайлы хабарлардың жарияланып жүргенін бәрімізде естіп жүрген болармыз.

        Өздеріңіз көріп отырғандай үкіметіміз бала сатқан соң қалғандары қалсын ба? «Ақ халатты абзал жандарымыз да» солармен жарысқа түскен. Айырмасы үкіметті ешкім соттамайды, ал бала сатқыш «абзал жандарымыз» түрменің қақ төріне бір-ақ тоғытылады.

jetimder 3

        Еліне жаны ашитын, ұлтының болашағын ойлаған жандар бұндайға жол бермес еді. Бала сату қазақтың қанында жоқ нәрсе. Ата-бабаларымыз еш уақытта жесірі мен жетімін жылатпаған. Шамасы, қазіргі біздің денеміздегі қан емес, суға айналып кеткен сыңайлы. Себебі, бұрын жетім нәрестелерді балалар үйіне өткізді десе құлаққа суық естіліп, денеміз түршігуші еді. Қазір қазақтың қара домалақтарының, шетелге зат есебінде ақшаға сатылуына да етіміз үйреніп кеткен. Селт етпейміз. Бұның жалғыз себебі, орыс тілді биліктің қазақ ұлтын (салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, ділін, дінін, тілін) мойындамауынан, ұлттық тәрбиенің, ұлттық намыстың жоқтығынан дегеннен басқа лажымыз жоқ. Бұл қазақты өсіруге емес, өшіруге апаратын тіке жол. Баласын сатқан қазақ ертең атасын да, анасын да, оған қоса Отанын да сатпайды деп кім кепілдік бере алады? Ұранымыз - Ақша, Ақша! Тағы да Ақша! «Алға Қазақстан» деп шапқылап жүрміз.

       Еститініміз сол балалардың «Шалем Казахистан» деп шүлдірлегендері. Олардың бар білетін қазақшасы тек қана осы «Шалем Казахистан» деген бір ауыз сөз. Осыны көрген сайын көңілім әлем-жәлем. Осы хабарды күнде беретін Қазақстан телеарналарына бірде ренжимін, бірде журналистерге риза боламын. Ренжитінім мен және мен сияқты көптеген қазақ азаматтарының «жарасының» аузын күнде тырнап қаната беретіні. Жарамның аузы қанаған сайын менің Қазақстанның орыс тілді билігіне деген наразылығым да күн санап артып келеді. Кейде жата қалып сендердің бәрің елге Бейбарыс сұлтан сияқты қазақтың ұлы азаматы болып оралсаңдар екен деп армандаймын. Әзірге қолымыздан бар келгені осы болып тұр.  Шалем Казахистан!

 Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім

Маңғыстау

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір