• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:43:36
Алматы
+35°

22 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

«Сиыр сатып ал да, өзіңді асыра!». Елбасының сөзінен кейін кешелі-бері әлеуметтік желіде ірі қараға қатысты «ірі әңгімелер»  жарияланып жатыр. Жалпы біз сиыр малы туралы не білеміз? Оқып көріңіз...

-Сиыр – 8 мың жыл бұрын қолға үйретілді.

-Ең ауыр ірі қараның салмағы – 2 тоннадан асқан.

-Бұл сүтқоректілердің әлемдегі жалпы саны – 1,3 миллиард.

-Бір сиыр өмірінде 200 мың стақан сүт береді.

-Ежелде сиырлардың саны бойынша, адамның байлығы өлшенетін. Яғни, ол ақшаның орнына болған.

-Ең ұзақ өмір сүрген сиырдың жасы – 48 жыл. Оның тезегі медицинада, құрылыста және отын ретінде қолданылады.

-Аргентина – сиырдың етін өңдіретін көшбасшы мемлекет.

-Сүтінің дәмі, сиырдың немен қоректенгендігіне байланысты.

-Африкада «патшадан кейін, сиыр маңызды» деген мәтел бар екен.

-Үндістер үшін ең қасиетті жануар. Оны өлтіргендер түрмеге қамалады.

-Куба елінде осындай қылмыс үшін, өлім жазасына кесілу мүмкіндігі жоғары.

Сиырға қатысты наным-сенімдер

-«Сиыр үйге сүйкенсе жаман ырым» деп біз сұғып алған.

- «Сиыр ыңыранса, үйір шақырады, сиыр басы өседі» деген.

- «Түнде сиыр мөңіресе - жамандықтың белгісі»деп тұжырымдаған.

-«Сиырлар жиналып өкірсе,  малға індет келеді» деген.

- «Сиырды сойғанда көк бауырын «ау-қаулап» үй төбесіне лақтырып тастаған, үйір шақырады» деп.

- Сиырдың буйрегін жемеген, бұған байланысты қазақта «Сиырдың бүйрегіндей кандай ел, қырық құрау» деген нақыл сөз бар.

- Сиырдың тұмсығын қазақ «арам» деп шауып тастаған.

- Сиырдың, не өгіздің бас сүйегін егіс немесе жеміс бағының басына іліп кояды. (Мәлімет А.Токтабайдың «Төрт түліктің қасиеті» кітабынан).

-Сүт беретін сиырлар, бір күнде шамамен 150 литр су ішеді.  Өзіне ұнаған кісіні жалайтын әдеті бар.

-Сиыр малы басын артқа бұрмай, 330º айналаны көріп тұрады.

 Сиырдың Қазақстандағы бұрынғы түрлері - қазақтың ақ бас сиыры, қалмақ сиыры, қырдың қызыл сиыры, Әулие ата сиыры, Алатау сиыры.

(Материал интернет көздерінен алынды)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір