• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:22:33
Алматы
+35°

Ауыл халқының, оның ішінде аз қамтылған отбасылардың тұрмыс-тіршілігін, өмір сүру сапасын көтеру жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болуы шарт. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында да ең басты мақсат әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созуды баса тапсырды. Бұл орайда жамбыл облысында ілкімді істер жетерлік деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қордай ауданыда осы мақсатта атаулы алеуметтік көмекпен 2214 отбасындағы 11290 адамды қамту үшін барлығы 1748,9 млн. теңге бөлінген (РБ – 1618,7 млн.теңге, ЖБ - 130,286 млн.теңге).

2019 жылдың 1 маусымына аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды, оның ішінде 537 отбасы (3036 адам) 1 сәуірге дейін тағайындалғандарға қайта есеп жүргізілгендер болса, 1394 отбасы (7762 адам) 1 сәуірден бастап тағайындалғандар. Барлығы 461,7 млн. теңге игерілді.

Тұрғын үй жәрдемақысына 2,0 млн. теңге қарастырылып, бүгінгі күнге 57 отбасыға немесе 270 адамға жәрдемақы тағайындалып, 1,6 млн. теңге төленді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған 88 отбасыға 5935,0 мың теңгеге әлеуметтік көмек төленді.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің демеушілік көмегі арқылы да аудан бойынша халықтың осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан ауданда 544 отбасыға жалпы сомасы 30 867,0 мың теңге қайырымдылық көмек көрсетілді. (Атап айтқанда: 3395,0 мың теңгеге аз қамтылған 485 отбасыға азық-түлік себеті көрсетілсе, 1 мүгедектер отбасына 7 000,0 мың теңгеге және аз қамтылған 3 отбасыға 15000,0 мың теңгеге үй салынып берілді, 17 отбасы 294,0 мың теңгеге қыстық отынмен қамтамасыз етілді, 3 отбасыға (953,0 мың теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 2 отбасыға 100,0 мың теңгеге үйлеріне ауыз су кіргізілді, өрттен зардап шеккен 1 отбасыға 1000,0 мың теңгеге құрылыс заттары сатып алынды, 15 отбасыға жалпы сомасы 2625,0 мың теңгеге жеңілдікпен газ кіргізілді, 15 отбасыға 150,0 мың теңгеге қажетті киім-кешек берілді және жеке істерін дамыту мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы 1 отбасыға 5 қой (250,0 мың теңге), 1 отбасыға тігін машинкасы (100,0 мың теңге) табыс етілді.)

Осылайша қордайлықтар әлеуметтік осал топтарға барынша мемлекеттік қамқорлықты сездіруде. Бұл сөз жоқ, көпке үлгі тірлік.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір