• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:44:32
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Қордай ауданында ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында болжамға сәйкес негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8713,9 (7974,5) млн.теңгені немесе нақты көлем индексі 107,1% құрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Оның ішінде бюджет есебінен 392,8 млн.теңге теңге немесе 4,5%, сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінің өз қаражаты мен қарыз қаражаты есебінен 8321,1 млн.теңге немесе 95,5 пайыз. Жамбыл облысы әкімі мен аудан әкімі арасындағы бекітілген межеге сәйкес индикатор 5,1 пайызға орындалмай отыр.

Жыл соңына дейін ауданға қомақты инвестиция автомобиль жолдары Комитеты Отар-Ұзынағаш жол құрылысына 1991,2 млн. теңге, аудандық құрылыс бөлімімен 1040,1 млн. теңгеге Қасық а/о су құбыры, Солтүстік Шығыс тұрғын массивтеріне су құбыры, жол, көпір және ЖСҚ дайындау жоспарлануда. Жеке қаражат есебінен қомақты инвестиция «Аурум Дойчланд» ЖШС 2170,6 млн. теңге, «BioVet KZ» ЖШС 2500 млн. теңге, «Тенир Логистик» ЖШС 2103,9 млн. теңге және шағын және орта бизнес субъектілерінің коммерциялық нысандарын заңдастыру есебінен индикаторға қол жеткізу жоспарлануда.

2019 жылдың 6 айында микроқаржы ұйымдары арқылы 1048 кәсіпкерлік субъектілеріне 773,2 млн. теңге несие берілді:

- «КМФ» ЖШС-і арқылы 1028 азаматқа 590,7 млн теңге көлемінде несие берілді.

- «Қордай» Несие серіктестігі» ЖШС-і 20 шаруа қожалықтарына 182,5 млн. теңге көлемінде несие берілді.

«Бастау бизнес» кәсіпкерлік негізінде 135 адам оқыту жоспарлануда, қазіргі таңда 57 адам оқытылуда.

«Береке 3» бағдарламасы бойынша ағымды жылы «Куликов и К» ЖШС-і айналым капиталын қаржыландыруға 50,0 млн. теңге несие алды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 125 адамға несие беру жоспарлануда.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен ауылдық округ әкімдерінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде 2018 жылы аудан бойынша жұмыс істеп тұрған және жаңадан ашылған коммерциялық нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 78 коммерциялық нысан анықталды. Анықталған нысандардың мемлекеттік қабылдау актілері заңдастырылып, қосымша 3439,3 млн. теңгеге инвестиция тартылды. Оның ішінде 21 дүкен, 12 қойма, 2 шаштараз, 10 кафе, 2 қонақ үй, 8 мал бордақылау алаңы, 10 балабақша, 4 техникалық жөндеу орталығы, 2 әкімшілік ғимарат, 1 шағын базар, 1 шағын футбол алаңы, 1 амбулатория, 1 музей, 2 ветеринарлық пункт және 1 жанармай стансасы бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір