• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:26:24
Алматы
+35°

ҚР 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының бүгінде бағыты айқын, жоспары жүйелі. Оған жамбылдық жұртшылық оған жіті көз жеткізіп, жаңа нысандардың қарышты қадамдарына қуануда. Бұл әрине ел экономикасына жасалған үлкен серпін екені анық. Сондықтан Жамбыл жаңаша жаңару үстінде деп толық айтуға негіз бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жасырып қайтейік, бүгінде Әулиеата өңірі өндіріс саласындағы алпауытқа айналды. Бір ғана «Қазфосфат» ЖШС Орта Азиядағы ғана емес, кәрі құрлықтағы теңдессіз кәсіпорынға айналып отыр. Зауыт өнімі Еуропадан бөлек, теңіз асып, көптеген мемлекететтерге шығарылуда. Одан бөлек те Жамбыл жерінде жанданып жатқан жобалар аз емес. Соның бір легі Қордай ауданында тынысын табуда.

Атап айтсақ, мұнда аумақтық индустриаландыру картасына енгізілген жалпы жобалық құны 49 млрд. 840 млн. теңгені құрайтын 6 жоба іске асуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезінде 510 және іске қосылу кезінде 877 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Біріншісі «Аурум дойчланд» ЖШС тау-кен металургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру. Бұл өндіріс орны Мойынқұм ауданындағы Ақбақай кен-байыту фабрикасынан кем түспейді деп күтілуде.

Екіншісі «Био Вет Kз» ЖШС ветеринарлық препарат өндіру биокомбинатының құрылысы. Бұл жобаны да жандандыру талай жылдан бері айтылып келген болатын. Енді міне жоспар жүзеге асуда.

Үшіншісі «Алатау Қордай» ЖШС 75 пайыздық алтын-күміс концентратын шығару кіші зауытының құрылысы. Бұл зауыттың да бұқараға берері мол екенін ел жақсы біледі.

Қордай ауданында жылыжай құрылысы да назардан тыс қалмауда. Ал «Гринвилл» ЖШС заманауи жылыжайының орны бөлек. Онда жаңа технологиялар және аквапоника жүйесін қолдану арқылы балық және салат жапырақтарын өсіру көзделуде.

Ауданда «Қордай сүт өнімі» ЖШС балмұздақ шығаратын цехын кеңейту инвестициалық жобасы да жүзеге асуда. Бұған дейін тек айран, қаймақ, ірімшік, құрт сынды сүт өнімдерін шығарып келген қордайлықтар кәсіпкерлер енді балмұздақ өндірісін де қолға алып, тұрғындарға теңдессіз тарту жасамақ.

«Қордай Корм» АӨК – өндірісті кеңейтуге құрама-жем өндіретін жаңа қондырғы енгізу жобасы да жолға қойылып отыр. Негізгі күн көрісі мал шаруашылығы болып табылатын қордайлықтар үшін бұл өндіріс орнының да берері мол екені даусыз.

Міне, осылайша жамбылдықтар жаһандық дәуірге жаңа қарқынмен келуде. Аталған әрбір өндіріс орнының жемісі келер ұрпаққа еселеніп келетіні даусыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір