• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:23:32
Алматы
+35°

 

Елімізде соңғы жиырма жылдың бедерінде құрылыс саласы айрықша қарқын алғаны белгілі. Ал құрылыс ел экономикасының негізі ғана емес, тұрғындардың тұрмысын түзеуге бағытталған бағдар екені де даусыз. Әулиеата өңірінде де құрылыс саласында тетігін тапқан тірілктер аз емес деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қордай ауданындағы әлеуметтік, мәдени нысандардың сапалы бой көтеруі құрылыс саласында атқарылған оңды істердің нәтижесі. 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 4008,8 (6704,2) миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 58,73 орындалуы болжамда. Көрсеткіштің орындалмау себебі, 2018 жылы бюджет есебінен ірі құрылыс жұмыстарының аяқталуы, ал ағымды жылы ірі инвестициялық жобалар жоқ. Орындалған құрылыс көлемі 80 пайызға жекеменшік есебінен құрайды.

Бекітілген меже келетін болсақ ағымды жылдың 1 жартыжылдықта құрылыс жұмыстарының көлемі 2500,0 миллион теңгеге жоспарланып, жоспар 160,3 пайызға артық орындалды.

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша Ноғайбай, Қарасай, Сулутөр, Күнбатыс-2 және Арал ауылындағы орта мектептердің жобалық-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін аудандық бюджет есебінен 14,4 миллион теңге қаржы қарастырылған.

Отар ауылындағы жаңа тұрғын алқабына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына ӘЖ-0,4 кВ электр жүйелерінің және су жүйелерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 20,8 миллион теңге бөлінді.

Әлжан ана ауылындағы сумен жабдықтау жүйелері бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтауға 251,1 миллион теңге бөлінді (РБ – 226,0 млн.тг; ОБ – 25,1 млн.тг). Аяқталу мерзімі 2019 жылдың тамыз айының соңы.

Сонымен қатар, 7 (Музбел, Аңырахай, Сарыбастау, Бел, Күнбатыс-2, Ноғайбай, Қарасай) ауылдық округтің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен қоса оңтайландырылған сызбасын әзірлеу үшін 26,3 миллион теңге және Кордай ауылындағы градкадастр жобасын электрондық форматта әзірлеуге 13,5 миллион теңге қаражат қарастырылған.

Ауданда биылғы жылы іске асқан тағы бір игі шара Қордай ауылының «Батыс» ықшам ауданына саябақ салынып, жер көлемі 7,4 гектар болатын саябаққа наурыз айында алғашқы ағаштар отырғызылды. Сондай-ақ, Қордай ауылында Аңырақай көшесі мен Кенесары көшелерінің қиылысында жаңадан бой көтерген арна жағалауы ашылып, бүгінде аудан тұрғындарының демалыс орнына айналып отыр.

Осылайша Қордай ауданында құрылыс қарқын алып ғана қоймай, Елбасы анасының есімі берілген Әлжан ана ауылы да тағы жаңара түсуде. Бұл сөз жоқ жанға жылу беретін игі іс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір