• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:55:17
Алматы
+35°

Еліміздегі ең өзекті мәселердің бірі – баспана, тұрғын үй құрылыс саласына ерекше назар аударылып отыр.Осы мақсатта Жамбыл облысы Қордай ауданында тұрғын үй құрылысы кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы Қордай ауданында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелеріне кезекте 11 514 азамат тіркелген, кезекте тұрған азаматтардың негізгі үлесі 50 пайызы Қордай ауылына тиесілі. Осыны ескере отырып, аудан орталығын дамытудың бас жоспарына сәйкес инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымды дамытудың облыстық жол картасына жалпы көлемі 1471 гектарды құрайтын 6560 жер учаскесіне 4 жаңа массивтер қосылып (Солтүстік-Шығыс-615 га/2776 жер учаскесі, Батыс-106 га/388 учаскесі, Самал тау-750 га/3396 учаске) , бүгінде 3 массив бойынша мәселелер шешімін тапты. Аталған массивтерге бүгінгі күнге тиісті қаражат бөлініп, инфрақұрылымдарын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы массивтердің бірі - «Батыс» тұрғын үй массивінің жалпы көлемі, 106,0 гектар. Жаңа массивті егжей-тегжейлі жобасына сәйкес қоғамдық-іскерлік аймаққа айналдырып, аудандық сот, аудандық полиция бөлімі және өзгеде әкімшілік, кәсіпкерлік ғимараттарын салу жоспарлануда. Сондай-ақ, 280 орынға арналған балабақша, 240 орындық мектеп, спорт кешені мен 5 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Бүгінде жаңа массивтің инфрақұрылымын дамыту бойынша 6 жобаның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, оның ішінде 50 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің мемлекеттік сараптамасы алынып, құрылыс жұмыстары басталды. Жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджетке өтінім берілді.

Бұл жобалар толыққанды іске асқаннан кейін аудан орталығында жер учаскелеріне кезекшілік мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады.

Ал ауылдық округтер бойынша инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту облыстық жол картасына 13 массив енгізілді. Оның ішінде бірінші кезеңде 8 массив 2019-2020 жылдар аралығында іске асады деп жоспарланып, жол картасына сәйкес ағымдағы жылы халық тығыз орналасқан 4 елді мекеннің (Отар, Ауқатта, Масанчи, Сортөбе) жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Осылайша кезең-кезеңмен жер учаскелері берілетін болады.

Аудан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде 1303 азамат кезекте тұр. Кезекте тұрған азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында ауданда жобалық құны 472,8 млн. теңгені құрайтын, бір 50 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Қазіргі таңда, аудандық коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға әлеуетті осал топтағы азаматтарға нысаналы даму трансферттерінен республикалық бюджеттен 50,0 млн.теңге және облыстық бюджеттен 5,5

млн. теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ, Қордай ауылына 5 қабатты 60 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге аудан бюджетінен 40,6 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, көп балалы аналарды тұрғын үймен қамтамассыз ету үшін республикалық бюджеттен 58,8 млн теңге бөлініп, 7 отбасыға тұрғын үй салынатын болады. Бұдан бөлек, аудандағы кәсіпкерлердің демеушілігімен бүгінгі күнге 5 отбасы баспаналы болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір