• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:33:22
+35°

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасында» шалғай елді мекендердің өзін медициналық мекемелермен қамту баса айтылған болатын. Осыған орай бүгінде өңір-өңірлерде ауқымды шаралар қолға алынуда. Жамбыл облысы да бұл бағытта өркениет көшінен бір елі қалмай келеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде ұлт денсаулығы ең басты орында. Сондықтан да елімізде денсаулық сақтау салысына, әсіресе ауылдық жерлердегі медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігіне аса көңіл бөлініп келеді. Соңғы жылдары Қордай ауданында әлеуметтік нысандар көптеп ашылып, халық қуанышқа бөленуде. Өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы Жаңатұрмыс және Әлжан ана ауылдарында ауысымына 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Сондай-ақ, Көгадыр ауылындағы апатты жағдайдағы медициналық пункттің орнына жаңа 10 келушіге арналған медициналық пункт салынды.

Ал, ағымдағы жылы ауылдық жерлерде медициналық нысандарды көбейту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы Қалғұты, Кенен, Бел, Мұзбел, Сарбастау және Қызылсай ауылдарына ауылдық амбулатория мен фельшілерік пунктер салу бойынша құрылыс жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, 2019 жылға жаңадан іске қосылған объектілерге (ДА Әлжан Ана, ДА Жанатурмыс, МТ Көгадыр) негізгі құралдарды (Жүрек ырғағының бұзылуы куінде электроимпульстік терапия арналған аппарат,қан қысымын, дене қызыуын, ЭКГ, журек соғуын көрсетіп жазатын аппарат, жаралардан суықтарды соруға арналған аппарат, көк тамыр ішіне белгілі бір жылдамдықпен дәрі-дәрмекпен препаратын еңгізуге арналған аппарат, эндоскоптарды жууға және дезинфекциялауға арналған автомат) сатып алу үшін 423,6 миллион теңге бөлінді. Скринингтік зерттеулер үшін республикалық бюджеттен – 271,1 миллион теңге қаралды.

1000 тірі туылғандарға нәресте өлімі 4,9 промиль немесе 8 бала шетінеді. Шетінеу себебі: 5- мерзімінен бұрын туылған, шала, 1- инфекциялық аурулардан, 1 – ішкі қан кетуден, 1- мерзімінен кеш туылған. Индикатор жыл соңында есептеледі, жылдық жоспар 5,6 промиль. Аналар өлімі ауданда тіркелмеген.

Бұл әрине бас бармақпен бағалауға тұрарлық дүние. Ұлт саулығы үшін Үкіметтен ауқымды бастамалар көтеріліп жатқанда, жергілікті билік те жобаларға жан бітіріп, тұрғындар саулығы үшін барын жасағаны абзал. Бұл сенім мен жауапкершілік жүгінен қордайлықтар толықтай шығып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір