• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:05:19
Алматы
+35°

Тараз қаласының тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында шаһар аумағында көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды жүруде. Мәселен, биылдың өзінде 26 нысанның құрылысына 11,8 млрд.теңге бөлінді. Олар: әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арналған 5 арендалық тұрғын үй және 21 кредиттік тұрғын үй. Нысандардың құрылыс жұмыстары жалғастырылуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2019 жылы тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылым құрылысына 43 нысанға бюджет есебінен 15,5 млрд.теңге бөлінді 21 тұрғын үйдің 10 үйі 2018 жылдан өтпелі. Оның ішінде, 4 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылады. Ал, 6 кредиттік тұрғын үй тамыз айының соңына дейін қабылданады. Жаңа 16 тұрғын үй – 60 пәтерлі кредиттік-11 үй, 80 пәтерлі арендалық-5 үй 2020 жылға өтпелі.

Алайда, бүгінгі таңда 16 үйдің құрылыс жұмыстары қарқын жүруіне байланысты жыл соңына дейін 10 тұрғын үй пайдалануға тапсырылуы жоспарлануда. Ал, қалған 6 үй 2020 жылға өтпелі.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 20,4 га алқапта 205 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бағдарламаға сәйкес тұрғын үйлердің құны 1 шаршы метр – 120,0 мың теңге. Аталған үйлер 3 түрлі жобамен әзірленуде:

- 68 үй (80 шаршы метр) – 9,6 млн.теңге;

- 68 үй (116 шаршы метр) – 13,92 млн.теңге;

- 69 үй (125 шаршы метр) – 15,0 млн.теңге.

Бағдарлама аясында 2018 жылы 5 үй пайдалануға тапсырылса, биыл 9 үй пайдалануға тапсырылды. Одан бөлек, 51 үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 9 үй бойынша ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, 7 үй бойынша қабырғалары көтерілген, 11 үй бойынша ірге тастары аяқталған, 15 үйдің сыртқы жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталмаған, 9 үй бойынша траншеялар дайындалған. Бүгінгі таңда, жеке тұрғын үйлер магистралдық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Уақытша электрмен, ауыз және кәріз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары толық аяқталған, әр үйге қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге, салынаған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жандандырып, тұрғындарға қолайлы түрде тапсырылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы штаб құрылып, 115 ерікті тартылып, кезекте тұрған азаматтарға 7421 ескерту хат таратылды. Оның ішінде 3 192 азамат

бағдарламаға қатысуға ниет білдірген. Ал, 141 азаматқа бағдарламаға қатысу үшін төлем қабілеттілігін анықтау мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама берілді. Оның ішінде 10 азаматтың алдын-ала төлем қабілеттілігі расталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір