• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:46:15
Алматы
+35°

Тараз қаласы тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу жұмыстарына да аса мән берілуде. Бұл бағытта Тараз қаласы, «Арай « шағын ауданында 50 гектар жер телімі бөлініп, көп қабатты тұрғын үйде тұратын тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларын жұмыспен қамту мақсатында 833 тұрғынға күнделікті өзін-өзі өсімдік өнімдерімен қамтамасыз ету және артылған өнімді нарыққа ұсыну (сату) үшін көкөніс егуге 0,06 гектар жерден бөліп беру сызбасы дайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталмыш 50 гектар жерге қызанақ, қияр, картоп, пияз егу жоспарлануда. Бұл көкөніс түрлерінің шығыны бірдей, яғни тұқым және минералды тыңайтқыштар бағасы бір шамада. Атап айтқанда: 0,06 гектар жерді дайындауға 3000 теңге, тұқым сатып алуға 7500 теңге және минералды тыңайтқыштарға 4200 теңге және басқа да шығындарға 9000 теңге көлемінде қаржы жұмсалады. Жылына әр тұрғын өзіне тиесілі 0,06 гектар жерден 1,5 тонна қияр, 1,86 тонна қызанақ, 3,6 тонна пияз, 2,7 тонна көлемінде картоп өнімін алуына болады. Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау үшін 144 шаршы метр ғимарат және шатырларды салу мақсатында жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Тұрғындардың тұрмыс сапасы олардың денсаулығының мықтылығына да байланысты екені белгілі. Бұл тұрғыда облыс орталығында бұқаралық спортқа да үлкен назар аударылып отыр. Атап айтқанда, қала бойынша спорт алаңшаларын салу, қалпына келтіру және жаңғырту жол картасы әзірленіп, жалпы 51 спорт алаңшаларын салу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде, 9 - жеке меншік, 27 – бюджет және 5 - демеушілер есебінен салынуы, ал 10 спорт алаңшасын қайта қалпына келтірілу жұмыстары жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 5- спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, 6 спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта қалған спорт алаңшаларын салу жөнінде конкурс жарияланатын болады.

Бұдан бөлек, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешенінде магистралдық инженерлік - коммуникациялық желілерінің құрылысы нысанының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша жобалаушы «Архстрой-2005 « ЖШС танылған, жобалық-сметалық құжаттарын әзірленуде.

Сонымен қатар, «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешеніндегі «Көне-Қамал» ғимаратының салу және «Әулие-Ата» ескерткішінің аумағын абаттандырудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жоба ағымдағы жылы аяқталуы жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір