• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:23:01
Алматы
+35°

Қазіргі таңда баланың қызығушылығына септігін тигізіп, икеміне қарай жаңа қырынан танылуына, өмірлік жолын анықтауда аула клубтарының маңызы зор. Аула клубының мақсаты – оқушылардың мектептен тыс өмірін тиімді пайдаланып, өздері оқып жүрген пәндерін тереңдетіп оқыту, жалпы баланы жан-жақты дамытып, бейімін жетілдіру болып табылады. Осыған орай, Тараз қаласында Жастар ресурстық орталығына қарасты «Арай», «Ботақан», «Балауса», «Жас балғын» аула клубтары тұрақты жұмыс атқаруда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған аула клубтарында 4 жастар ісі жөніндегі инспектор 206 тәрбиеленушілермен «Қолөнер», «Шебер қолдар», «Сурет», «Ұлттық ойындар», «Қуыршақ театры», «Тіл дамыту», «Салауатты өмір салты» үйірмелері бойынша жұмыс жасауда.

2016 жылы Тараз қаласындағы №1 аумақтық округке қарасты «Астана» ықшам ауданы №30 «А» үйде орналасқан «Азимут» аула клубының жертөлесіндегі құбырларының жарылуына байланысты уақытша жұмысын тоқтатқан болатын. 2019 жылы аталған аула клубқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 9 миллион 986 мың теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 2019 жылдың соңына дейін аталған аула клуб пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, Тараз қаласында №9 аумақтық округке қарасты «Бәйтерек» ықшам ауданында, «Құмшағал» тұрғын алқабында балаларға арналған аула клубтарын жыл соңына дейін ашылатын болады.

Аталған аула клубтарды материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 6 миллион теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 маусым күні Халықаралық балаларды қоғау күніне орай «Балауса» аула клубында аталған аула клубқа келуші балалардың ұсынысы бойынша «STREET WORKOUT» алаңшасын, Wi-Fi зонасын, шағын кинозалын, теннис столын, қалқан күрке (беседка), компьютерлер пайдалануға берілді.

Тұрғындарға қолайлы болуы үшін қалада, сондай-ақ, «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «IКomek»-109 қаланың коммуналдық қызметтерінің бірыңғай диспетчерлік орталығын құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл – халықпен кері байланыстың бірыңғай жүйесі, қала тұрғындары үшін әмбебап көмекші. Енді әкімдікке келіп, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Қоңырау шалу немесе хабарлама, сурет жіберу жеткілікті, және сіздің мәселеңізді шешетін болады. Бүгінгі күнге, тиісті ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, орталықты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне ашу жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір