• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:42:28
Алматы
+35°

Тараз қаласындағы жол мәселелері жыл өикен сайын шешімін тауып келеді. Мәселен, биыл «Арай» алқабының барлық көшелері мен бұрылыстарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде, жалпы ұзындығы 31,086 шақырым жолға асфальт жабындысы төселеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жобаның жалпы құны 584 миллион 522 мың 581 теңгені құрайды. Жалпы жоба 4 комплекске бөлінген.Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды. Бүгінге күнде техникалық қадағалаушыны анықтау конкурсы Қаржы бақылау органында шағымдану сатысында тұр. Шағымдарды қарау мерзімі ағымдағы жылдың 24 тамызында аяқталады. Техникалық қадағалаушы анықталғаннан кейін құрылыс-монтаждық жұмыстар басталады.

2019 жылы қала бюджетінде жол құрылыстарына 2 160 миллион теңге қаралған. Бұл қаражаттарға «Бұрыл А,Б,В» тұрғын алқаптарының 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне қиыршық тас жолдарының және Ы. Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта ішкі кварталдық автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы қаладағы 136 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына 1 миллиард 511,1 миллион теңге бөлінген.

Қоғамдық көліктер қатынайтын ұзындығы 740 шақырым құрайтын 83 көшеде көлемі 22600 шаршы метр шұңқырларды қалыпқа келтіру үшін 100 миллион теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің 71 000 шаршы метр құрайтын аулаларын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 250 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. (26-30 слайд)

Сонымен қатар, қалада газ жүгһргізу жұмыстары да жүруде. Тараз қаласын газбен қамтамасыз етуші мекеме «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы. Қаладағы газ құбырларының ұзындығы 1475 шақырым құрайды, оның ішінде:

- 1112 шақырым жерасты құбырлар - (жоғарғы қысымды - 35 шақырым, орта қысымды - 994 шақырым, төмен қысымды - 83 шақырым),

- 363 шақырым жерасты құбырлар - (жоғарғы қысымды - 0,045 шақырым, орта қысымды - 24 шақырым, төмен қысымды - 339 шақырым).

Ағымдағы жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ инвестициялық бағдарламасы бойынша өз қаражаты есебінен «Тараз қаласының газ тарату жүйелерін жаңғырту. 2 кезең» жобасының құрылыс-монтаж жұмыстары қаланың орталық бөлігінде жүргізілуде. Бас мердігер - «ДС-ТАС» ЖШС.

Жұмыс жоспары бойынша ауыстырылатын полиэтиленді газ құбырларының ұзындығы - 37,4 шақырым. Көшелердің жалпы саны - 128.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір