• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:12:37
Алматы
+35°

Тараз қаласындағы магистральдық жылу желілерін ауыстыру жұмыстары қызу жүруде. Атап айтқанда, биыл қаладағы тозығы жеткен жылу желілерін қайта жаңғырту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2 жобаға 7,6 млрд. теңге сомасына ұзындығы 9,3 шақырым магистралды жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Нақтысын айтқанда, шаһарда М-2 жылу магистралін реконструкциялау жобасына бөлінген 4 181,0 млн.теңгеге жаңартылатын желілердің ұзындығы – 5,169 шақырым құрайды. Жобаның бас мердігері «Корпорация Жилстрй Тараз» ЖШС. Игерілген қаражат 2046,7 млн. тенге немесе 49 пайыз.

Бүгінге қазба жұмыстарының орындалуы – 4,9 шақырым немесе 96 пайыз, құбырларды демонтаждау – 4,7 шақырым немесе 91 пайыз, латоктарды монтаждау 3,6 шақырым немесе 70 пайыз, жалпы монтаждау жұмыстарының көлемі – 58 пайыз-ды құрады. Қажетті жабдықтармен – 67,3 пайыз қамтылған.

Құрылыс монтаждау жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 сәуірінде басталып, 1 қазанында аяқтау бекітілген.

Ал, М-4 жылу магистралін қайта жаңғырту жобасына 3 416,9 млн. теңге бөлінді, жаңартылған желілердің ұзындығы – 4,138 шақырым. Жобаның бас мердігері «Techno Construction Company» ЖШС. Игерілген қаражат 2 282,4 млн. тенге немесе 67 пайыз.

Қазіргі таңда қазба жұмыстарының орындалуы – 3,9 шақырым немесе 94 пайыз, құбырларды демонтаждау – 3,9 шақырым немесе 91 пайыз, латоктарды монтаждау жұмыстары 83 пайыз, жалпы құрылыс монтаждау жұмыстарының көлемі – 82 пайыз-ды құрады. Қажетті жабдықтармен – 87,1 пайыз қамтылған. Құрылыс монтаждау жұмыстары 1 сәуір мен 1 қыркүйек аралығына жұмыс жүргізу кестесі бекітілген.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап Жамбыл даңғылындағы және Қ. Сәтпаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлерден басқа барлық тұрғын үйлерге ыстық су берілетін болады.

Бүгінге аталған жобалар бойынша жалпы 4,3 млрд.теңгесі немесе 58 пайыз игеріліп, жұмыстардың 75 пайыз орындалған. Жалпы аталған жобалар бойынша жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Осылайша, тараздықтарға жақын уақытта ыстық суды жыл он екі ай бойы пайдалануына жағдай жасалмақ. Нәтижесінде, жылдар бойы күрмеуі тарқатылмай келе жатқан мәселелер шешімін таппақ. Бұл мақсатта шетелдік инвесторлар тартылып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Аталған шаруаның

төңірегінде жұмыс барысын энергетика саласының мамандары шетелдік компания өкілдерімен талқылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір