• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:32:19
Алматы
+35°

22 Тамыз, 2019 NEWS

Студенттер айына 250 мың теңге төлейтін жұмыста істегісі келеді

Жастар үшін жұмыс берушінің жоғары жалақы төлейтіні, компанияның нарықтағы табыстылығы аса маңызды.

"Қазақстанның ең тартымды жұмыс берушілері" рейтингін жасайтын халықаралық Universum компаниясы жастардың қайда жұмыс істегісі келетінін анықтау үшін зерттеу жүргізді, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтинг нәтижесі көрсеткендей, студенттерге жұмыс берушінің тұрақтылығы мен сенімділігі маңыз ие. Әлеуметтік зерттеуге 2018 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың сәуірі аралығында 98 жоғары оқу орнының 9936 студенті арасында жүргізілген пікіртерім нәтижесі негіз етіп алынған. Респонденттердің 44 пайызы ұл, 56 пайызы қыз бала. Сұралғандардың 30 пайызы – Бизнес/Коммерция, 17 пайызы – Инжиниринг, 10 пайызы – ІТ, 11 пайызы – жаратылыстану ғылымдары, 20 пайызы – гуманитарлық ғылымдар, өнер, білім беру, 6 пайызы – құқық, тағы 6 пайызы – денсаулық сақтау саласында қызмет еткісі келетінін айтқан. Сауалнамаға қатысқан студенттер оқу орнын бітірген соң қолдарына алғысы келетін жалақының орташа көлемі 255 230 теңгені құрайды.

Universum ұйымындағылар бұл зерттеулер жұмыс берушілер үшін қызметкерлерді басқару стратегиясын құруға және брендпен жұмыс істеуге көмектесетіндігін атап өтті.

Студенттер арасында мейлінше тартымды салалар қатарына төмендегілер кіреді: туризм, қонақжай бизнесі – 17%, өнер, ойын-сауық, демалысты ұйымдастыру – 16%, мемлекеттік сала мен үкіметтік қызмет – 15%, банк саласы – 14%, білім беру және ғылыми ордалар – 13%.

Зерттеу барысында анықталғандай, жастар үшін жұмыс берушінің жоғары жалақы төлейтіні, компанияның нарықтағы табыстылығы, кәсіби дамуға, жоғары өнімділікке мүмкіндіктің болуы, іссапар, шетелде қызмет ету сынды ерекшеліктер аса маңызды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір