• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 21:33:11
"Шетелде оқу – өмірлік миссия мен қызметтік жолыңызды тануға көмектеседі"

22 Тамыз, 2019 NEWS

Теменов Тоқаевқа қандай ұсыныстар айтты?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменовті қабылдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында еліміздегі театр өнерін дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордадағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының жаңа ғимаратын салу жұмыстары бойынша ақпарат берілді.

Белгілі театр және кино режиссері Талғат Теменов болашақта мәдениет жылын жариялау, жас актерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, баспанамен қамту мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етуде өнердің, соның ішінде театрдың маңызын атап өтіп, алдағы уақытта мәдениетке, театр мен киноға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде көңіл бөлу жалғаса беретінін айтты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір