• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:08:42
Алматы
+35°

22 Тамыз, 2019 NEWS

«Bolashaq» Қауымдастығы жалынды жастарды қолдайды

Нетворкинг барысында ҮЕҰ мен ЖАО арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту және тұрақты даму, ҮЕҰ тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда «Bolashaq» Қауымдастығы жастарды қолдау мақсатында «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасын ұйымдастырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш шараның ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орынбасары, «Bolashaq» Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы Бақтияр Мәкен қатысып, жобаның маңыздылығын атап өтті. 

сурет

«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп үлкен шараны бастап отырмыз. Әр аймақтағы көшбасшы жастарды шақырып, олардың пікірлерін естіп, түрлі мәселелер қозғап, жаңа идеяларды бөлісу мақсатында бас қостық. Жобаның жастарға берер тағылымы көп болады деп ойлаймын», – дейді «Bolashaq» Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы.

Нетворкинг барысында ҮЕҰ мен ЖАО арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту және тұрақты даму, ҮЕҰ тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Батима Мукина жастарға арналған түрлі жобаларды таныстырып, олармен бірлесе жұмыс жасау жолдарын түсіндірді.

Еліміздің түрлі аймақтарынан келеген 200 белсенді жас үшін арнайы мастер-класс, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды.

«Астана жастары» КММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шыңғыс Тілеулин жиынға келген жастарды жобаға белсенді қатысуға шақырып, алдағы уақытта жаңа бастамалардың пайда болатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ «Жастар» ғылыми-зерттеру орталығының директоры Луиза Узарова мен Қазақстандағы БҰҰ-ның еріктілер бағдарламасы жетекшісі Римма Сабаева сөз алып, маңызды жобалар мен алдағы атқаратын жұмыстар жайында айтты.

Түрлі жастар ұйымынан келген қатысушылар өз идеяларын бөлісіп, оны дамыту жолында қандай қолдау болатынын және жобаны қалай жүзеге асыру керектігі жайында талқылады.

Аталмыш шара алдағы уақытта еліміздің төрт аймағында ұйымдастырылады. Оған әр өңірден 1000-ға жуық белсенді жас қатысады деп жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір