• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 21:22:03
"Шетелде оқу – өмірлік миссия мен қызметтік жолыңызды тануға көмектеседі"

22 Тамыз, 2019 Аймақтар

Таластық жомарт жандар марапатталды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында Талас ауданы Қаратау қаласында «Жомарт жүрек» республикалық байқауының аудандық кезеңінің салтанатты құттықтау рәсімі болып өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Құттықтау рәсімінде алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Садубаев: Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Мұнда жалпыұлттық сипатта жаңғырудың тиісті тетіктерін анықтап берді. Осылайша, ой - санада жаппай жаңғыру үдерісі басталды, - дей келіп, жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды дегенді де тілге тиек етті.

Осыдан соң, ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясымен Жұмахан Таңкебаев, елді мекендерді абаттандыруға, демалыс бақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкцияларға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясымен Досымхан Аралбаев, ал, белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясымен Кайыпова Қалдыкүл марапатталса, әлеуметтік маңызы бар жобаларды, немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны мен қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасағаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен аудандық аурухана ұжымы, волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен еріктілік» номинациясымен Кенесбай Олжас лайык деп танылып марапатталды.

Келесі кезекте К.Кайыпова сөз алып, қайырымдылықтың үлкен немесе кішісі болмайтындығын, Елбасының мақаласы аясында бірлесе еткен жұмыстың нәтижелі болатындығына тоқталып өтті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір