• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:46:33
Алматы
+35°

Қазақ халқы, жалпы мұсылман қауымы баласын міндетті түрде сүндетке отырғызады. Бұл - халқымыздың салты ғана емес, медицина жағынан да денсаулыққа пайдасы зор шаруа. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы «Һибатулла Тарази» мешітімен бірлесе отырып, «Сүндетке отыр, балақай!» атты сүндетке отырғызу науқанын өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облыстық балалар аурухананың білікті, әрі тәжірибелі хирургтары медициналық қызметті барынша жоғары деңгейде көрсетті. Бұл акцияға әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасы балалары қамтылды. Бір күнде 3-6 жас аралығындағы 50-ге жуық бүлдіршін сүндетке отырғызылды.

Сүндеттеу медицина ғылымында «циркумцизия» деп аталады. Сүндетке отыру адамның тән тазалығы мен жан тазалығы, тіпті болашақ отағасы үшін де, отанасы үшін де пайдалы өмір салты, қазіргі тілмен айшықтап айтқанда салауатты өмір салтының бір қыры.

Сүндетке отырғызу – ер балалардың зәр шығару мүшесінің ұшындағы хирургиялық жолмен алынып тасталатын тері. Баланы молданың сүндеттеуін «Дәстүрлі әдіс» деп атайды. Онда дін мамандары өткір ұстарамен кесіп тастайды да, қанды тез тоқтату амалдарын жасайды. Ал медицинада сүндеттеудің бірнеше тәсілі бар. Мәселен, классикалық әдіс саналатын түрінде хирург дәрігер ауырсынуды басатын анестезия препараты арқылы баланың жыныс мүшесін жансыздандырып, арнайы аспаппен сүндетке отырғызады және тамырларды тігіп тастайды. Мұны «еркін әдіс» деп те атайды.

Жүргізілген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынадай нақты пайдасы барын дәлелдеді:

- Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады;

- Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары.

- Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары.

Орталық мешітте сүндетке отырғызушылардың қатарында орыс ұлтының өкілдері де жүр. Олар да баласын мұсылман атандырғалы ниетте келген екен.

Ал оташы мамандар жасаған сүндет жеңіл болғандықтан, балалар арасында ауырсыну, өздерін қолайсыз сезіну жағдайлары болған жоқ.

Сондықтан да, бүлдіршіндердің ата-аналары шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір