• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:58:11
Алматы
+35°

Жамбыл облысының жер есебіне сәйкес облыстың жер қорының 65 пайызын немесе 9,4 миллион гектардан астамын жайылымдық жерлер алып отыр. Соған қарамастан, жайылымдарды пайдалануды реттеу – бүгінде өзекті мәселелердің бірі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыстың жер қоры 14 426,4 мың гектарды құрады. Аграрлық саланы реформалау барысында 1,7 миллион гектардан астам жайылымдықтардың ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерден орман қорына ауыстырылған.

Әрбір елдімекен бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал басының есебі алынып, жайылым жерлерді нақтылау жүргізілді, әр ауылдық округ бойынша жалпы пайдаланымдағы жайылым жерлердің пайдалануға беріліп кеткен бөлігінің және елдімекендер аумағына 5-7 шақырым жақын орналасқан жайылым жерлердің иелерін анықтау жұмыстары жүргізілді.

Талдау нәтижесі, айзақ, Жуалы, Қордай, Меркі аудандарының 19 ауылдық округінде жалпы пайдаланымдағы 1,044 мың гектар жайылымдық 35 жер пайдаланушыға беріліп кеткендігін көрсетті.

Жер кадастрындағы мәліметтерге сәйкес, аталған аумақта 92 мың гектар жайылым жерлер бекітілген 364 жер пайдаланушылар тізімі жасалды. Осы жерлерді жерпайдаланушылармен келісе отырып ауылдық әкімдіктерге бекітіп беру арқылы 57 ауылдық округтер бойынша жайылымдарға сұранысты қанағаттандыруға болады. Мысалы, осы жылы Жуалы ауданында көрсетілген аумаққа кіретін 120 гектар жайылымның 100 гектары мемлекетке қайтарылды.

Зерделеу нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсәпорындары, шаруа-фермер қожалықтары, өзіндік қосалқы шаруашылықтар бойынша тіркелген мал басының есебі нақтыланды.

Алынған мәліметтерге сәйкес 2019 жылғы мал басы 1992 жылмен салыстырғанд ақой-ешкі 4,238 мың, түйе 2,1 мың, басқа кеміген. Мал басы туралы мәліметтерге және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген жайылымдар жүктемесіне сәйкес жайылымдарға қажеттілік есептелді.

Бұл орайда ең көпқажеттілік облыс тұрғындарының жеке иелігіндегі мал басы бойынша қалыптасып отыр. Осының салдарынан соңғы жылдары елдімекендер маңайындағы жайылымдарға жүктеме шамадан артып, бұл жерлер деградацияға ұшырауда.

Талдау нәтижесі облыс аудандарында иелігінде жайылым жерлері бар 5 574 агро құрылымдардың бірде-бір бас мал ұстамайтындығын көрсетті.

Осының салдарынан елдімекендер маңындағы жайылымдарға жүктеме артып, бұл жерлер деградацияға ұшырауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір