• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:08:54
+35°

Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдармаласының шеңберінде бірер жылдан бері Жамбыл облысында жоспарлы жұмыстар жүйесін табуда. Әсіресе бұқараның көгілдін отынмен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Қордай ауданы да газ құбырларын жүргізу жұмыстары бойынша көштен бір елі қалып жатқан жоқ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қордай ауданындағы елді мекендерді газдандыру мәселесін кезең-кезеңмен шешу жоспарланып, бүгінде І кезең бойынша Отар аумағындағы елді мекендерді газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге аудандық бюджеттен 28,5 миллион теңге бөлінді.

Ал, ІІ кезең бойынша 5 елді мекенді (Ноғайбай, Шарбақты, Сарыбастау, Қарасу, Өтеген) газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталып, құрылыс жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджетке өтінім берілген. Бұл жерде ескере кететін бір меселе, ауылдарға газ құбыры кіргеннен кейін жобалық сметалық құжттамаға сәйкес ауыл тұрғындарының үйіне газ құбырын тарту үшін 350 мың теңге емес, 150 мың теңге төлеуге мүмкіншілік алады.

Аудандағы 4 орта мектептің (№23 Әлжан ана, №24 Степной, Жамбыл №26 І-ІІ корпустарын) және бір балабақшасының қазандықтарын қатты отыннан газға ауыстыру мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

Сондай-ақ ауданда жол құрылысы да қарқын алып, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі 75,1 пайызды құрап отыр. Жоспар 79,4 пайыз.

Ағымдағы жылы аудандық маңызы бар жолдарға 16,9 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде республикалық, облыстық бюджеттерден «Өтеген-Бәйтерек -Ауқатты– 8 шқ» жолына 199,7 млн. теңге, «Ноғайбай-Сарыбастау-1-3,5 шақырым» жолына 61,3 млн. теңге, «Беткайнар-Соғанды» автожолына 65,7 млн. теңге және республикалық бюджеттен Сортөбе-Ауқатты-Қызылсай 0-13,8 шақырым жолына 50,0 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, республикалдық бюджеттен «Ауқатты-Байтерек» 7,4 шақырым автожолының құрылысына 243,8 млн. теңге және облыстық бюджеттен 27,1 млн.теңге қарастырылған.

Қордай ауылындағы Болашақ ықшам ауданына кіретін Төле би көшесі бойындағы көпірді салу жұмыстарына 80,6 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда Жамбыл облысы энергетика және тұрғын үй басқармасы тарапынан конкурс жарияланды.

Аудан елді мекендерінде автобустық аялдамаларды орналастыру бағдарламасы бойынша аудандағы Кенен, Алға, Көғадыр, Қызылсай, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2, Беріктас ауылдарының кіреберістерінде аялдамаларды орнату үшін аудандық бюджеттен 6,5 млн. теңге бөлініп, жұмыстар қолға алынуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір