• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:46:29
Алматы
+35°

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының ұстанған басым бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын алшаң бастырып, экономиканың негізгі драйверіне айналдыру екені белгілі. Осы орайда Жамбыл облысында агро салада алшаң басқан тірлік жетерлік деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Әсіресе шалғай ауылдардағы тірлік көз сүйсіндіреді. Мәселен Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі Үшбас ауылында егін шаруашылығы 0,4 млн. теңгені құрап, 98,3 %-ды пайызға орындалып отыр. Жоспар жыл соңына дейін толықтай межеленеді.

Ауданда 20 138,0 гектар жер айдалып, 4 524,0 гектарға жаздық масақты дәнді дақылдар, 4 449,0 гектарға көп жылдық шөп, 7 100,0 гектарға майлы дақыл (мақсары), дәндік жүгері 1 000,0 гектар, картоп 40,0 гектарға, көкеніс пен бақша 525,0 гектарға егілген.

Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 579 гектарға немесе 3,0 %-ға артып отыр.

Су үнемдеу технологиясы Жаңаталап ауылдық округінде «Жантөре-Саудакент» ЖШС-де іске асырылды.

Тамшылатып суғару технологиясын пайдалана отырып, 25,0 гектар дәндік жүгері, 25,0 гектар пияз және 10,0 гектар бақша дақылдары орналастырылды.

Аудан бойынша тіркелген ауыл шаруашылығы техникаларының саны – 829, оның ішінде тракторлар – 407, комбайндар – 27, қосалқы құрылғылар мен трактор тіркемелері – 341, жол құрылыс техникалары - 54.

Ауыл шаруашылығы техникаларының жаңару үрдісі бойынша «Саудакент Кредиттік Серіктестігі» ЖШС-і арқылы 3 шаруа қожалық 40,2 млн. теңге несие алды.

Онда, Беларус-1221, Беларус 892,2 тракторларын және 6 қосалқы құрылғысын сатып алынған.

Қазіргі уақытта 2 шаруа қожалық 2 дана Беларус 82,1 тракторын және 1 қосалқы құрылғысын алуға құжаттарын рәсімдеуде.

Сонымен қатар, «Жантөре–Саудакент» ЖШС және «Бәйімбет» шаруа қожалығы 53,5 млн. теңгеге Қытайдың ЮТО-2204 және Беларус 82,1 тракторларын лизингке алған.

Аудандағы 2 су қоймасы (Ынталы, Бүркітті) және суармалы егістік жерлерге арналған ішкі каналдардың барлығы «Қазсушар» РМК теңгеріміне (республикалық меншікке) өткізілген (суармалы егістік жер көлемі 3 780,0 га,

оның ішінде 3 628,6 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған).

Осылайша сарысулықтар «қыс шанасын жаз сайлап», науқандық жұмысқа жұмыла атсалысуда. «Қолы қимылдағанның ерні де қимылдайтынын» шаруалар жіті түсінгені қуантады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір