• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Қыркүйек, 01:42:28
Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына! «Жем шөптің бағасы күйіп тұр, қамшыңа жазшы», – дейді әкем

22 Тамыз, 2019 Аймақтар

Әулиеаталықтар әлеуметтік көмектен кенде қалмауда  

 

Елбасы «Бес әлеуметтік бастамасында» тұрғындардың тұрмысын түзеуге нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ әрбір Жолдауында да қара халықтың қамын назардан тыс қалдырған емес. Әсіресе елді мекендердің еңсесін тіктеу бағытында баянды бастамаларға жан үрледі. Осы орайда әлеуметтік бағдарламалар Жамбылда әлеуметтің әлеуетін арттыруда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысы Сарысу ауданында 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 15,2 мың тұрғынға 747,0 миллион теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Ең алдымен әлеуметтік бағдарламалар бойынша тоқталсақ, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 2 722 аз қамтылған отбасындағы 13 038 адамға 661,4 млн. Теңге берілді. Тұрғын үй жәрдемақысына 356 отбасының 1 261 адамына 6,0 млн. Теңге төленді. Ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына отын сатып алуға 10,8 млн.теңге қаралды. Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарындағы 277 адамға – 16,6 млн.теңге жұмсалды.

Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмекке келсек, үйде оқитын 70 отбасындағы 73 мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыруға 2,0 млн. Теңге белгіленген.

Үйде арнаулы қызмет көрсету жағдайында 49 балаға (оның ішінде 18 жастан асқан 27 мүгедекке), жалғыз басты 105 қарт (оның ішінде 2 мүгедекке), барлығы 154 адамға 12 күтім жөніндегі қызметкер қызмет көрсетуде, оған қаралған 30,8 млн. теңгенің 16,9 млн. теңгесі игерілді. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйым «Шапағат» мүгедектер қоғамдық бірлестігі тарапынан 33 адамға (оның ішінде 18 жастан асқан 15 мүгедек) ҮЕҰ-ның 6 күтім жөніндегі қызметкері үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде. Қаралған 6,6 млн. теңге қаржының 3,7 млн. теңгесі игерілді. (Барлық қаралған қаржы 37,4 млн. теңге, игерілгені 20,6 млн.теңге, әлеуметтік қызметтермен қамтылғаны – 187 адам).

Қозғалуға қиындығы І-ші бірінші топтағы 97 мүгедекке «Сарысу-Нұр-Шапағат» корпоративтік қоры арқылы жеке көмекшілер қызметтері көрсетіліп, 11,2 млн. теңге төленді.

Есту қабілеті төмен 5 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік қызмет көрсеткен ымдау тілі маманына - 575,0 мың теңге тетігін тапты.

164 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, 18,7 млн. теңге игерілді. 79 адам қосымша компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етіліп, 4,0 млн. теңге жоспарлы жұмсалды.

Мүгедектерге «Шапағат» корпоративтік қорымен инватакси қызметін көрсетуге – 11,7 млн. теңге қаралып, есепті мерзімде 5,9 млн. теңгесі мақсатты беріліп отыр.

Осылайша сарысулықтар әлеуметтік көмекке зәру жандарға барынша көмек көрсетуде. Бұл бас бармақпен бағалауға тұрарлық.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір