• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:06:55
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы жыл санап жаңғырып келеді. Облыспен аттас ауданның ажарын мемлекеттік бағдармалар ашуда. Мұнда әлеуметтің әлеуетін көтеретін түрлі жобалар жанданып ғана қоймай, барлық салада оі динамика сақталуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтсақ, 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 9 млрд. 249,7 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 102,7%-ды құрады (2018 жылдың 7 айы – 7 млрд. 923,6млн. теңге).

Егін шаруашылығы бойынша 1 млрд 987,4 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 96,6%-ды межеледі.

Мал шаруашылығы бойынша 7 млрд. 251,0 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,4%-ды діттеді.

2019 жылдың қаңтар-шілде айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 11 млрд. 134,5 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,3% болып отыр. (2018 жылдың 7 айы – 5 млрд. 047,1 млн. теңге).

2019 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 17 млрд. 879,4 теңгені немесе нақты көлем индексі 107,3%-ды құрап отыр (2018 жылдың 7 айы – 16 млрд. 297,4 млн. теңге).

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 217,5 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 146,6 пайыз. (2018 жылдың 7 айы – 2 млрд. 125,9 млн. теңге).

2019 жылдың қаңтар-шілде айларында пайдалануға берілетін жеке меншік тұрғын үй көлемі 37 719 шаршы метрді немесе 120,6 пайызға жетті. (2018 жылдың 7 айы – 31 271 шаршы метр).

2019 жылдың қаңтар-шілде айларында бөлшек сауда айналымы 3 млрд. 883,7 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 123,1%-ды құрады (2018 жылдың 7 айы – 2 млрд. 982,3 млн. теңге).

Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 104,5%-ды құрап, 131,9 млн. теңге артық түсті (жоспар 2 958,5 млн. теңге; нақты 3 090,4 млн. теңге). Оның ішінде аудандық бюджет 67,9 млн. теңгеге, немесе 104,4%-ға орындалды. (жоспар 1 549,7 млн. теңге; нақты 1 617,7 млн. теңге),

2019 жылдың 7 айында бюджеттің игерілуі 97,7%-ды құрады (жоспар 8 612,7 млн. теңге; нақты 8 411,1 млн. теңге).

2019 жылдың 7 айында кешенді жоспар бойынша 1 474 адам жұмыспен қамтылды (жоспар – 2 763 адам). Жоспар 53,3%-ға орындалды. Оның ішінде: 257 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға, 123 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолданды және 45 адамға шағын несие берілді, 460 адам тұрақты жұмысқа, 108 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 216 адам жастар тәжірибесі бойынша, 265 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

2019 жылдың 7 айында жұмыспен қамту бөліміне 1 564 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 1 049-ы қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 67,0%-ды құрады.

Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 22 балабақшада (2 698 бала) және 20 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (1075 бала) барлығы 3773 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 1 мен 6 жас аралығындағы

бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 86,7 пайызды (облыстық көрсеткіш 84,0%) құрады. 3 пен 6 жас аралығындағы тәрбиемен қамту көрсеткіші – 99,1 пайызды (облыстық көрсеткіш 98%) құрар отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір