• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:50:56
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік лауазымына кіріскен бойы тәртіп сақшыларының басын қосып, полиция қызметкерлеріне жеті міндет жүктегенін ел жақсы біледі. Әрине Президенттің бұл тапсырмасы тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Жамбылдық сақшылар да бұл міндетті мүлтіксіз орындауға күш салуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен 2019 жылдың 6 ай мерзімінде Қордай ауданы аумағында қылмысытармен құқық бұзушылықтын алдын алуда жедел ахуалды жағдайды жақсарту мақсатымен бірқатар жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде жалпы қылмыстардың тіркелуі 360-тан 350 –ге немесе -2,8% төмендеген. Аса ауыр қылмыстар 18,5%, ауыр қылмыстар 30,4%, орта дәрежедегі қылмыстар 16,7% азайған.

Қылмыстың ашылуы 77 пайыз немесе өткен жылдың сәйкес жылымен салыстырғанда 15,8 пайызға артқан.

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қадағалау ішкі істер бөлімінің тұрақты бақылауында. Тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда. Осы мақсатта «Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 12,4 млн. теңгеге 18 дана видеобақылау құрылғылары орнатылса, «Қауіпсіз аудан» бағдарламасы аясында 4 дана автоматтандырылған бейнетіркеу камералары қойылған. Бұл құқықбұзушылықтың алдын алып, тәртіп орнатуға септігін тигізбек.19 ауылдық округтердегі учаскелік полиция қызметкерлеріне 3 млн. 705 теңгеге 19 дана компьютер сатып алынды.

Сондай-ақ,2019 жылы Қордай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлеріне аудандық бюджеттен 30 термопринтер және ф30 планшеттер сатып алуға 11,7 млн. теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, 6,0 млн. теңгеге Қарасай және Сұлутөр ауылдарынан жергілікті полиция қызметкерлеріне қызметтік үйлер алынды. Қордай ауданы әкімдігінің қолдауымен Қарасай, Қаракемер, Масанчи, Сортөбе және Ауқатты ауылдық округтері мен елді мекендерінің тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және ауылдық округтердің Қырғыз Республикасымен шекаралас жатқандығын ескере отырып, 2018 жылы Ауқатты ауылында 20 штаттық бірлікпен ауылдық полиция бөлімшесі ашылып, жұмыстарын атқаруда.

Әрине бұл ортақ еңбектің жемісі. Президент жүктеген тапсырмаларды орындау бұдан әрі де жалғасын табады деп сенеміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір