• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Қыркүйек, 10:11:02
Шашырап жүрген қазақты бүгін көшіріп алмасақ, ертең жоғалтып алуымыз мүмкін

22 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда төрт түлік саны артып келеді

Кеңестік кезеңде Қазақстан ет экспортынан алдыңғы қатарға шығып, мал басынан рекордтық көрсеткіш көрсеткені белгілі. Алайда Одақ ыдырағаннан кейін колхоздар мен техника ұстағанның аузында, тістегеннің қолында кеткені жасырын емес. Десе де ел егемендігін алғаннан кейін мемлекет мал шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алды. Бұл бағытта «сыбаға», «құлан», «алтын асық» сынды мемлекеттік бағдарламалар жанданып, тұралаған тірліктің бойына қайта қан жүгірді. Бұл бағытта Жамбыл облысы да көпке үлгі шаруа атқаруда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Сарысу ауданында 2019 жылдың 1 тамызына мүйізді ірі қара 21 130 басқа, қой-ешкі 281 659 басқа, жылқы 6 697 басқа, түйе 2 158 басқа, құс 23 802 басқа жеткізіліп, 3 841,1 тонна ет, 3 149,5 тонна сүт, 2 302,3 мың дана жұмыртқа дайындалды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1 008 басқа, қой-ешкі 10 327 басқа, жылқы 347 басқа, түйе 6 басқа артып, 112,9 тонна ет, 65,3 тонна сүт, 63,3 мың дана жұмыртқа артық өндірілді.

Аудан бойынша мүйізді ірі қара малын селекциялық асылдандырумен айналысатын шаруашылықтардан бордақылау алаңдарына 356 бас бұқашық өткізілсе, қой шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардан 1 634 бас қозы немесе 35,2 тонна қой еті «Мерке Ет Комбинаты» және «Оңтүстік Халал» ЖШС-теріне экспортталды.

2019 жылдың қаңтар-маусым айларында «Эпизоотияға қарсы» ветеринариялық іс-шаралар жоспары толық орындалды. Атап айтқанда, құтыру, аусыл, лептоспироз, сібір жарасы, қарасан, туберкулез, маңқа (сап), қарасүйел, брадзот, оба, эхинококкоз, тейлериоз, сақау ауруларына қарсы вакциналар жоспарға сәйкес толыққанды егілген.

2019 жылы 24 550 бас МІҚ, 253 800 бас уақ мал, 45 бас жылқы, 2 072 бас түйе, 486 ит және 18 шошқаға бруцеллез ауруына қарсы тексеру жоспарланып отыр.

Есепті кезеңде аудан бойынша 12 826 бас МІҚ (110,8 %), 132 903 бас уақ мал (102,4 %), 45 бас жылқы (100,0 %), 1 723 бас түйе (100,0 %), 486 ит (100,0 %) пен 18 шошқа (100,0 %) бруцеллез ауруына қарсы тексеріліп, жоспар толық орындалды.

Әрине әрбір тұяқтың саулығы мал басының артуына сеп болатыны анық. Сондықтан төрт түліктің күтімін жасау жөн тірлік. Мұндай бастама мен шаралар арқылы сарысулықтар күні ертең ен даланы маңыраған малға толтыратыны даусыз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір