• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:30:13
Алматы
+35°

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы қабылданған екі жыл ішінде аталған тізімге 8 жамбылдықтың аты енген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ел дамуына сан түрлі салада өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың істерін насихааттауға арналған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» бірегей жобасын қабылдау міндеті қойылды. 2017 жылдың қыркүйегінде қолға алынған жобаның іріктеу кезеңдері бірнеше кезеңнен тұрды. Сол іріктеулер мен дауыс берулердің нәтижесінде 2112 үміткердің ішінен 102 жеңімпаз деп танылып, Қазақстанның жаңа есімдері қатарына енді. Олардың қатарында түрлі салада өз жетістіктерімен өзгелерге, кейін толқынға үлгі болып жүрген жамбылдық азаматтар да бар. Атап айтқанда Сембек Сейдазимов, Әбдібек Пошкаев, спортшылар Зульфия Габидуллина, Ақжүрек Таңатаров, Бауыржан Исламхан, полиция сержанты Ғалым Арыстанбаев, дирижер Ерлан Бақтыгерей, нейрохирург Марат Саршаев сынды азаматтардың аты жоба үздіктерінің қатарынан табылды. Бүгінде жамбылдықтар жоғары да аты аталған жерлестерін мақтан тұтады. Жастар Қазақстанның жаңа есімі деп танылған азаматтардың өміріне өздеріне үлгі етеді.

–Ал биыл жобаның республикалық кезеңіне 66 үміткер жіберілгенімен олардың ішінде 5 кандидат қана онлайн дауыс беру кезеңіне қатысты. Биыл «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздары қатарына медицина саласы бойынша Ғани Құттымұратов, мәдениет саласында Қасым Аманқосов, Кенен Ақүрпеков, спортта Дмитрий Трубин және қоғамдық шаралардың бел ортасында жүретін Руслан Төлегенов сынды жерлестерімізді көруден үміттенгенбіз. Алайда олар дауыс беру нәтижелері бойынша жаңа есімі тізіміне енгізілмеді, –дейді облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі Серікбол Берікқожа.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» атанған жамбылдықтардың талайға үлгі боларлық өмір жолын насихаттаудан аянып қалған емес. Сәйкесінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ақылымен, іскер қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген жандар жайында танымдық материалдар жарияланып, деректі фильмдер көрсетіліп тұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір