• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:01:07
Алматы
+35°

Ағымдағы жылы 80 жылдық мерейтойы тойланатын Жамбыл облысының ел руханияты, мәдениеті мен әдебиетінде қайталанбас орны бар өңір. Сол өңірлерге әр жылдары әлемге, елге танымал тұлғалар табан тіреп, жамбылдықтармен риясыз жүздесулер жасағанын айғақтайтын тарихи деректер жетерлік. Сол секілді 1990 жылдың 6-8 қазан аралығында Тараз қаласындағы қазіргі орталық стадионда (сол кездегі «Химик» стадионында) таэквондадан әлем чемпионы Мұстафа Өзтүрік шығыс жекпе-жектері мектебін ашу мақсатында шоу өткізген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған іс-шараны танымал театр және кино актері Досхан Жолжақсынов жүргізген. Сондай-ақ бұл шоуда Рабиға Аманжолова бастаған алматылық «Мақпал» сән үйінің сұлулары киім үлгілерін көрсеткен. Құрметті қонақтарды құшақ жая қарсы алған жамбылдық жұртшылықпен бірге сол кездегі облыстық қазақ драма театрының актері Әбиірбек Тінәлиев Мұсафа Өзтүрікке арнап «Елің қайда» әнін орындаған екен. Даңқты спортшымен кездесу Жамбыл педагогикалық институтында (қазіргі Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті), сол кездегі Талас ауданының орталығы болған Ақкөл ауылында өтіпті. Фотошежіреден сол кездегі Мұстафа Өзтүрікпен ере жүрген алқалы топтың құрамында Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Бексейіт Түлкеевтің де болғанын аңғару қиын емес.

Айта кету керек Мұстафа Өзтүрік қазақ спорты тарихында аты алтын әріппен жазылатын бірден бір тұлға. Заман ағымымен Түркиядан тұрақ тапқан қазақ отбасында дүниеге келген Мұстафа таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері атанған тұңғыш қазақ. Тіпті кейбір деректерде Мұстафамен атақты Брюс Лидің бір жаттығу залында дайындалғаны айтылады. 1980 жылы Мұстафа бапкерлік жасаған Түркияның таэквондо құрамасы әлем чемпионатында екінші орынға ие болады. Бұл түркиялық спортшылар үшін сенсациялық жеңіс еді.

1990 жылы атамекеніне оралған Алаштың айбоз ұлы сол сәтте елге деген құштарлық сезімін ерекше жеткізе білген. Арада 5 жыл өткен соң қазақтың маңдайына біткен арыстай ұл ақтық сапарға аттанды. Қазір Алматы қаласындағы бір көше артына өшпес із қалдырған даңқтың спортшының құрметіне Мұстафа Өзтүрік деп аталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір