• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:33:38
Алматы
+35°

23 Тамыз, 2019 NEWS

KAZENERGY XI Жастар форумы өтпек

23-24 қыркүйекте "KAZAKHSTAN ENERGY WEEK" шарасы аясында "Жастар және уақыт сын-тегеуріндері KAZENERGY XI Жастар форумы өтеді, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа ұрпақтың диалогтық алаңында айтылатын идеялар мен тәсілдер KAZENERGY білім беру бағдарламасы жобаларының шеңберінде оқитын Қазақстанның 1000 студенті арасында сауалнама жүргізуді есепке алып әзірленді. Қазіргі заманғы жастар өздері үшін қандай сын-тегеуріндер айқындайды және олардан қалай өтуге болатындығы форумда белгілі болмақ.

Форум қатысушылары мұнай-газ және энергетика салаларының жоғары бейінді сарапшыларымен және мамандарымен әңгімелесуден тәжірибе мен шабыт алады, білім беру, мансап жасау, көшбасшылық перспективаларын талқылайды.

24 қыркүйекте дискуссиялық күн тәртібі шеңберінде "face to face" форматында форум сарапшылары мен қатысушылары "Сапалы білім деген не, оны қайдан алуға болады, білім беру қызметтерінің нарығы біліктілікті алудың қандай форматтарын ұсынады?", "Цифрлық технологиялар ғасырында қандай дағдылар тұлғаның өсуі мен дамуы үшін барынша маңызды?", "Үлкен деректер, жаңа технологиялар және ақпараттық серпіліс әлемінде өзін қалай жоғалтпау қажет?" сияқты негізгі сұрақтарға жауап береді.

"Student Energy Challenge" зияткерлік командалық конкурстың жартылай финалы мен финалын өткізу дәстүрге айналған, ол 2017 жылдан бастап "Шелл Қазақстан" компаниясымен әріптестікте іске асырылады, биыл 23 қыркүйекте өткізіледі.

Бұдан басқа форум отандық мұнай өнеркәсібінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Сафи Өтебаевтың 110 жылдығына және Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған арнайы сессия өткізуді көздейді. Оның шеңберінде интерактивті форматта викторина өтеді. Викторина нәтижелері бойынша жеңімпаздар белгіленіп, оларға қауымдастықтан естелік сыйлықтар беріледі.

Сондай-ақ "Жастар жылында" жастарды және мұнай-газ және энергетика салаларындағы мамандарды ынталандыру мақсатында ең үздік жас мамандарды  KAZENERGY қауымдастығының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттамақ.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен KAZENERGY қауымдастығы жүзеге асыратын, еліміздің мұнай-газ секторының басты іс-шарасы – "Kazakhstan Energy Week 2019" (KEW-2019) шеңберінде өткізіледі.

KEW-2019 алаңы Қазақстанның ОЭК одан тиімді және тұрақты дамыту мәселелерін жан-жақты талқылау және салаға инвестицияларды тарту үшін салалық оқиғаларды біріктіреді.

KAZENERGY XII Еуразиялық форумы KEW – 2019 негізгі оқиғасына айналады. KAZENERGY қауымдастығы 2006 жылдан бастап өткізіп келе жатқан осы іс-шара Каспий және Орталық Азия өңірлеріндегі энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасын білдіреді. Жыл сайын оған дүниежүзінің 50-ден астам елінен 300-ден астам компанияның 2,5 мыңнан астам делегаты қатысады. Көптеген жылдар бойы беделді саяси фигуралар, танымал сарапшылар форум қонақтары болды. Бұл іс-шараның жоғары беделін көрсетеді.

KAZENERGY "Жастар және уақыт сын-тегеуріндері" XI Жастар форумына тіркелу kazenergyforum.com сайтында жүргізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір