• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Қыркүйек, 10:13:16
Шашырап жүрген қазақты бүгін көшіріп алмасақ, ертең жоғалтып алуымыз мүмкін

23 Тамыз, 2019 NEWS

Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәліметінше, сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады. Қарағандыда Президенттің төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді.

Бағдарламаға сәйкес түстен кейін сапар Жезқазғанда жалғасады. Онда Қ.Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ «Жезкиік» халықаралық музыка фестиваліне барады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір