• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Қыркүйек, 05:34:03
Латын әліпбиіне көшу мәселелері семинар-кеңесте сөз болды

23 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар

«Тальгодағы» зорлау оқиғасы: Сот алқасы  Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізуді ұсынады  

Қоғам қазір оларға қатаң жаза беруді талап етуде.

 Қоғамның наразылығынан кейін «Тальго» пойызында жолаушы әйелді зорлаған жолсеріктер А.Үмбеталиев пен Қ.С.Құрманиязға қатысты үкімнің күші жойылды. Осыған байланысты Қылмыстық іс прокурорға қайтарылды.

Осы қылмыстық іс бойынша шыққан сот үкімі қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды. Қоғам қазір оларға қатаң жазаны талап етуде. Бірақ, айта кету керек,  Қылмыстық кодексті өзгертпей, бұл проблеманы шешу мүмкін емес. Өйткені...

Жадпы Қылмыстық кодекстің 120, 121, 122, 123-баптарына сәйкес мұндай қылмыстар орта дәрежелі деп саналады.

Бұл дегеніміз:

Біріншіден, сот тағайындайтын ең қатаң жаза 5 жыл деген сөз. Одан сот аспауы тиіс.

Бірақ, ҚК-те 55-бап бар. Ол бойынша егер істе ауырлататын мән-жай болмай, тек жеңілдететін жағдай болса, онда тағайындалатын жаза одан да аз, 2,5 жылдан аспауы керек.

Екіншіден, жәбірленушіден келісім алып жатса, 68-бапқа сәйкес қылмыскер жазадан мүлдем құтылып кетуі мүмкін.

Үшіншіден, ҚК-тің 72-бабына сәйкес қылмыскер жазаның үштен бірін өтесе, бостандыққа мерзімінен бұрын шыға алады.

Төртіншіден, егер қылмыскер жазаның төрттен бір бөлігін өтесе, онда сот қалған мерзімді айыппұлға немесе басқа жеңіл жазаға ауыстыруға құқылы.

Бесіншіден, ҚК-тің 55-бабына сәйкес егер қылмыскер мүліктік шығынды, моральдық зиянды өтесе, онда сот оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алмайды.

Оған қоса, мұндай қылмыскерлер жазаны орта дәрежелі колонияда өтеуі тиіс. Одан қатаң режимді белгілеуге Қылмыстық кодекс судьяларға мүмкіндік бермейді.

Жазаның жеңіл болуы бүгінде қоғамның наразылығын тудыруда. Азаматтар соттардың осындай үкімдеріне қарсылық танытуда. Анығы судьялар заңнан аса алмағандықтан, қылмыскерлерге қатаң жаза бере алмайды. Егер судья қоғамның көңіліне қарап, заңға қайшы жаза қолданса, онда жоғары тұрған сот сатысы оны міндетті түрде бұзуға тиіс.

Сондықтан мұндай қылмыстарды ауыр дәрежелі санатқа ауыстыру үшін Қылмыстық кодекске төмендегі өзгерістер ұсынылады:

1) ҚР ҚК-нің 120, 121, 122-баптарының бірінші бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын 5 жылдан 7 жылға дейін қатаңдату;

2) ҚР ҚК-нің 55-бабын жыныстық қылмыстар жасаған сотталушылар қолдануға тыйым салу. Сонда бас бостандығынан айыру жазасын бергенде судьялар «жартысынан аспау» деген шектеу міндетінен босатылады;

3) ҚР ҚК-нің 91, 93-баптарына жыныстық қылмыс жасағандарға мәжбүрлі химиялық кастрация жасау жазасын тағайындауды енгізу;

4) ҚР ҚК-нің 123-бабының екінші бөлігін «жәбірленушінің қызметтік тәуелділігін пайдаланып» деген қосымша саралау белгісімен толықтыру арқылы қатаңдату;

Жалпы, егер мұндай қылмыстарды орта дәрежеден ауыр дәрежеге ауыстырсақ, онда қылмыс жасаған адамдар Қылмыстық кодексте қаралған біраз жеңілдіктен айырылады.

Осы орайда алқа соты А.А.Мерғалиевтің төрағалық етуімен алқа судьялары К.Ж.Сәлмұхаметов, Қ.С.Екішева, судья    Қ.С.Екішева қаулы еткен кодекске ұсынылған өзгерістер қоғам мен мемлекет үшін өте маңызды.

Осы арқылы ғана сот адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғай алады. Сондықтан сот алқасы Бас прокуратура жанындағы Қылмыстық кодекстерді қолдану жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы осы мәселелерге назар аударуы қажет деп санайды.

ҚР ҚПК-нің 405-бабының бірінші, үшінші және төртінші бөліктерін басшылыққа ала отырып, алқа Бас прокуратура жанындағы Қылмыстық кодекстерді қолдану жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы жоғарыдағы өзгерістерді заңға енгізуге бастамашы болуды ұсынады.

 

        

           

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір