• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 13:55:49
Алматы
+35°

26 Тамыз, 2019 Спорт

Әлем чемпионатына баратын боксшылардың тізімі белгілі болды

Бұл туралы ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев айтты.

7-21 қыркүйек күндері бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың тізімі белгілі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 

Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев ҚазАқпарат тілшісіне айтып берген. 

Кенжебаевтың айтуынша, құрама әлем чемпионатына толықтай дайын.

"Жалпы, біріншілікке 8 салмақта әр салмақтан бір-бір боксшы апаруды жөн деп санадық. Атап айтар болсақ, 52 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Қайрат Ерәлиев, 63 келде Зәкір Сафиуллин сынға түссе, қазақтың салмағы атанып кткен 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде соңғы Азия ойындарында жасындай жарқырап, чемпион атанған Тұрсынбай Құлахметке сенім артып отырмыз. Ал 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов, 91 келіде  Василий Левит шаршы алаңға шығатын болады. Ал аса ауыр салмақта команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғайды", - деді бас бапкер.

Бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты жиырмасыншы рет өтекелі тұр. Биылғы чемпионаттың алдыңғылардан ерекшелігі - боксшылар сегіз салмақ дәрежесі бойынша  ғана жүлдеге таласады. Сондай-ақ Олипиада ойындарының лицензиясы сарапқа салынбайды. 

1993 жылдан бастап әлем чемпионатына қатысып келе жатқан Қазақстан құрамасы 11- алтын, 12 - күміс, 17 - қола жүлдемен  төртінші орында тұр. 

Қазақстан боксшыларынң арасынан әлем чемпионатында ең көп жұл алған  - Серік Сәпиев. Ол екі рет алтын және бір-бір реттен күміс пен қола жүлде жеңіп алған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір