• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:48:29
Алматы
+12°

26 Тамыз, 2019 Оқиғалар

Алматыда үш адамды автокөлікпен қасақана соққан видео интернетте қызу талқыланып жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталаған видео  инстаграм желісіндегі  kris_p_kz парақшасында жарияланған.  Түнгі уақытта түсірілген кадрда бір топ жаяу адамдар автокөлік жүргізушілерімен қақтығысады. Автокөлікке мінгендердің бірі үш адамды қасақана соққан.

"Бұл оқиғаның  куәсі болдым. Таңғы сағат 4:00 шамасында төбелес болды, төбелесіп жүргендердің біреуі машинамен үш адамды қағып өтті", - деп жазды куәгер.

"Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде бірден ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша - 345-бабының 2-бөлігі "жол қозғалысы ережелерін бұзу" және 347-бабы "жол-көлік оқиғасы болған жерде қалдыру" және 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелген. Ол Бостандық ауданының полиция басқармасында, сондай-ақ ЖП тергеу басқармасында тергеледі. Күдіктілердің анықталды, қазір оларды ұстау үшін жедел тергеу іс - шаралары жүріп жатыр", -деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір