• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:29:46
Алматы
+35°

Елімізде жанданып жатқан әрбір жоба мен мемлекеттік бағдарламалардың астында кемелді келешекке бағытталған бастамалар жатқаны белгілі. Биыл Жастар жылының да жариялануы да ел ертеңі саналған өскелең ұрпаққа ұрандатылған игілік екені даусыз. Осы орайда Жамбылда жастардың білімі мен біліктілігіне баса көңіл бөлінуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы Жамбыл облысы Жуалы ауданының білім бөліміне қарасты 72 білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру және мектептен тыс білім беру ұйымдары қызмет етеді. Оның жалпы орта білім беретін мектептер саны - 40 (27-орта, 2-мектеп-гимназия, 1-№15 мектеп-лицей, 3 негізгі, 7 бастауыш), 26 мемлекеттік балабақша, 1 шағын орталық, 4 мектептен тыс мекеме ( №1, №2, №4 Балалар өнер мектептері, Аула клубы), және 1 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті және 5 жеке меншік балабақша.

Бөлім тарапынан 2018 жылдың 26 қарашасынан Күреңбел ауылындағы №3 балалар өнер мектебі мен аудан орталығындағы «Мәңгілік ел» тәрбие-білім беру орталығы оңтайландырылып, жабылды.

2018-2019 оқу жылында 40 мектепте 11130 бала білім алуда.

2018 – 2019 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 40 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 1 695 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 9 оқушыдан келеді.

Аудан бойынша 40 мектепке (100%) телефон байланысы орнатылған. Мектептердің барлығы Интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең арналы интернет желісіне қосылғаны – 40 мектеп (100%). 23 мектептің (57,5%) кітапханасы Интернет желісіне қосылған. Аудан мектептерінде барлығы 95 интерактивті тақталар бар. Арнайы жабдықталған биология кабинетті – 20, химия кабинетті –23, физика кабинеті – 27. Жалпы аудан бойынша 30 лингофонды-мультимедиялық кабинет, №15 мектеп-лицейдін базасынан IT-сыныбы ашылды. Жалпы оқыту кабинеті – 737, ондағы мұғалімдерге арналған компьютерлер – 734 (99,6 %) құрайды.

2019 жылы оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасына аудандық бюджеттен 183 233,0 мың теңге қаржы қарастырылып, оқу-әдістемелік кешендерге 11 баспалармен келісім шарттар жасалып, келісім шарттың негізінде ауданымызға ағымдағы жылдың 10 тамызына толығымен жеткізіліп оқушыларды оқулықтармен толығымен 100% қамтамасыз ету жоспарлануда.

2019 жылы төмендегі білім мекемелеріне жалпы 27 813,2 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Шақпақата ауылындағы Қ.Сағындықов атындағы орта мектебіне ішінара оқу корпусының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, 12783,4 мың теңгеге «ТаразЭлитСтрой» ЖШС жеңімпаз атанды.

Көлтоған ауылындағы С.Байтіков атындағы орта мектебіне ішінара оқу корпусының шатырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, конкурс ойнатылып, жеңімпаз 6 674,6 мың теңгеге «Алира сервис компани» ЖШС болып танылды.

Көлбастау ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің спорт залының еденін ауыстыруға ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша «Азия-Жилстрой» ЖШС 4480,0 мың теңгеге ұтып алды.

Қайрат ауылындағы Мыңбұлақ орта мектебінің жылыту жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша «Қараспан сауда құрылыс» ЖШС 3875,2 мың теңгеге жоспарлы құрылысты игергелі тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір