• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:25:27
Алматы
+35°

Қай мемлекеттің болмасын негізгі тіршілігінің қайнар көзі ауыл шаруашылығы болып келетіні белгілі. Ал Қазақстанға агро саласын дамытуға егемендік жылдарынан бері басымдық беріліп келеді. Бұл бағытта жылда жанданып жатқан мемлекеттік бағдарламалар жетерлік. Игіліктің шарапатын Жамбыл облысы да жіті көріп, асыраушы саланы алшаң бастыруда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Жамбыл облысы Жуалы ауданында жалпы өңірлік өнімінің көлемі есепті мерзімге 15 717,8 млн. теңгені құрап, (2018 жылдың 6 айында 11 537,3 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,2 пайызға артқан.

Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі 28,5%, ауыл шаруашылығы жалпы шығарылымы 46,9%, құрылыс жұмыстарының көлемі 10,7%, сауда айналымы 13,9%-ды құрап отыр.

Есепті мерзімге ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 7 млрд. 378,0 млн. теңгені құрады (оның ішінде мал шарушылығы өнімі 7 377,0 млн. теңге НКИ 102,4 пайыз, егін шаруашылығы өнімі 0,3 млн. теңге НКИ 96,3 пайыз), (2018 жылдың 6 айында 6 414,0 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 102,4 пайызға орындалған. Облыс бойынша 8-ші орында орналасты.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерлері 213 152 гектар, оның ішінде 97 315 гектар егістік жер, суармалысы 8 708 гектар, шабындық жерлер мен жайылым жерлер 112 580 гектар.

Көктемгі дала жұмыстары бойынша 63 835 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу жоспарланған. Масақты дәнді дақылдар 37 050 гектар: (оның ішінде күздік бидай 11 020 га, жаздық арпа 25 730 га, дәндік жүгері 300 га), 660 гектар көкөніс және бақша, майлы дақылдар 20 820 га (оның ішінде 920 га күнбағыс, 19 820 га мақсары, 80 га қытай бұршағы), картоп 2 500 га, 145 га қант қызылшасы және 2 660 га мал азығы.

2019 жылдың өнімі үшін егін егу жұмыстары бойынша жаздық арпа 25 890 гектар (101%), майлы дақылдар 20 845 гектар (100,1%), Картоп 2 520 гектар ( 100,8%), көкөніс 650 гектар (100%), дәндік жүгері 303 гектар (101%), қант қызылшасы 102 гектар (70%), мал азығы 2670 гектар (100,4%) егілді. Көктемгі егін егу жұмыстары толық аяқталды.

Жуалы ауданы агроқұрылымдар мен шаруашылықтарда бүгінгі күнге 595 тракторлар тіркелген.

Сонымен қатар 12 дана тұқым дәрілегіш, 127 дана дән сепкіш, 200 дана соқа, 125 дана культиватор, 112 дана тырма көктемгі дала жұмыстарына қатысты.

2019 жылдың есепті мерзіміне жалпы құны 248,0 млн. теңгеге барлығы 43 ауыл шаруашылығы техникалары, оның ішінде 27 жаңа МТЗ тракторлары, 1 погрузчик, 15 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері сатып алынды.

2019 жылдың 1 шілдесіне мүйізді ірі қара 47 113 бас (2018 жылы 44 992 бас), қой-ешкі 263 901 бас (2018 жылы 254 607 бас), жылқы 12

771 бас (2018 жылы 12 163 бас), шошқа 641 бас (2018 жылы 855 бас), құстар 132 554 бас (2018 жылы 131 242 бас). Мал басы 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,7 пайызға, қой мен ешкі 3,6 пайызға, жылқы 5,0 пайызға, құстар 1,0 пайызға артып отыр.

Мал өнімдері бойынша 2019 жылдың 1 шілдесіне ет өндіру тірі салмақпен 6 231,0 тн. (2018 жылы 6 098,0 тн.), сүт өндіру 20 041,0 тн. (2018 жылы 19 403,0 тн.), жұмыртқа 1 936,3 мың дана (2018 жылы 1 915,9 мың дана) өнім алып, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 2,2 пайызға, сүт өнімі 3,3 пайызға, жұмыртқа 1,1 пайызға пайызға артты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір