• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:31:54
Алматы
+35°

Басты міндет – әлеуметтің әлеуетін арттыру. Елбасы соңғы Жолдауында да тұрғындардың тұрмысын түзеуге бағытталған негізгі бағыттарды айқындап берді. Бүгінде Әулиеата өңірінде Ұлт көшбасшысының тапсырмасын орындауда тыңғылықты тірліктер атқарылуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Жамбыл облысы Жуалы ауданында есепті кезеңде жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 789 адамды құрап, ресми жұмыссыздық деңгейі 2,7 пайыз болып қалыптасты (2018 жылы 6 айда 710 адам немесе 2,4 пайыз).

2019 жылға арналған халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша ауданда жалпы 2759 азаматтарды жұмыспен қамту жоспарланды. Есепті мерзімде 1295 азаматтар қайрылып, жұмыспен қамту шараларына 1186 адам тартылды (1186:1295=91,5пайыз).

Жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына тартылған 1186 жұмыссыздар бойынша: тұрақты жұмыс орындарына 328 адам, қоғамдық жұмыстарға 261 жұмыссыздар, әлеуметтік жұмыс орындарына 160 жұмыссыздар, жастар практикасына 158 жастар, қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 165 азамат, бастау-бизнес 101 адам, несие алған 13 адам жолданды.

Сондай-ақ, 2019 жылға мүмкіндігі шектеулі 49 азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 6 айда 22 мүгедектер жұмыспен қамту шараларына тартылды (10 қоғамдық жұмысқа, 1 жастар практикасына, 6 әлеуметтік жұмыс орындарына, 5 тұрақты жұмыс орынға жолданды).

Аталған кешенді жоспардың іс-шаралары бойынша қоғамдық жұмыстарға 120349,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 32326,0 мың теңге, жастар практикасы бағдарламасына 79538,0 мың теңге, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 39885,0 мың теңге бөлінді.

Атаулы әлеуметтік көмек заңына өзгерістер енуіне сәйкес және күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан 70 пайызға көтерілуіне байланысты 2500 отбасындағы 12828 адамын 1-сәуірден бастап қамту жоспарланды.

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген 2588 отбасының 12889 адамына 694646,2 мың теңге көмек тағайындалып төленді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі бойынша 6 айда 347 отбасының өтініштері рәсімделіп 5892,4 мың теңге тағайындалып, төленді.

Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу қызметі бойынша 6 айда 474 азаматтардың өтініштері рәсімделіп 25791,0 мың теңге біржолғы қаржылай көмек көрсетілді.

Үйде оқытылатын мүгедек балаларға жұмсалған шығындарды өтеу қызметі бойынша жылдың 6 айында дамуында кемістігі бар 65 балаларға жергілікті бюджет есебінен 1665,7 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір