• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:44:16
+35°

Жалпы қандай салада болмасын жұмыста дәлдік пен жүйелі жоспар қажет екені белгілі. Әсіресе құрылыс саласында әрбір теңге мақсатты жұмсалуы тиіс. Бұл бағытқа бағытталған мемлекеттік-жекешелік серіктестік секілді мемлекеттік бағдарламалар да бар. Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов те үнемдеген әрдайым ұтыста болатындығын айтып, жобалау жұмыстарын жыл басынан бері жіті зерделеуден өткізуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Асқар Исабекұлы жыл басында барлық құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржы көлемін жіті тексеріп, бірқатар нысандар бойынша мемлекеттік қаржы жоба шектеуінен тым артық қаралғанын анықтап, жаза басқандарды жазасыз қалдырмаған болатын. Әсіресе 1 миллиард теңгеге жуық қаржыға жоспарланған Мойынқұм ауданындағы көпір құрылысы тексерістен кейін қаржысының тең жартысы қысқартылған. Осындай қаржы үнемдеуге бағытталған жұмыстар жыл іші бойы жүргізіліп, құрылыс нысандарының жобалау-сметалық құжаттарына аза мән берілді. Соның нәтижесінде аудан әкімдері де құрылысқа қажетті қаржыны «жеті өлшеп, бір кесіп» барып ғана бюджеттік өтінім ретінде жолдайтын болды. Жуалы ауданы да биыл ауызсу жүйелері бойынша жобалау құжаттарын асы ұқыптылықпен жүргізген.

Атап айтсақ, Т.Дүйсебайұлы ауылы бойынша - «Табыс Жоба» ЖШС-гі. (ЖСҚ аяқталды, 2.02.2019ж мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды) Жалпы сметалық құны 420 678,0 мың теңгені құрайтын жобаға 2019 жылдың 13 маусымында №19-0151/19 санды мемлекеттік кешенді сараптамасы қорытындысы алынды.

Қоңыртөбе ауылы бойынша – «Сатурн Люкс» ЖШС-гі. (ЖСҚ 23-шілдеде басталып, 26-қыркүйекте аяқталды, сарапшы мердігері «Экспертиза ПРО» ЖШС 05.02.2019 ж келісім шарт рәсімделді).

Ақтөбе ауылы бойынша – «Лидер Проект Дизайн» ЖШС-гі (ЖСҚ 20-шілде басталып, 17-қазан аяқталды, сарапшы мердігері «Экспертиза ПРО» ЖШС 05.02.2019ж келісім шарт рәсімделді).

Ертай ауылы бойынша – «Тараз Тау Жоба» ЖШС-гі. (ЖСҚ 14-тамыз басталып, 14-қазан аяқталды, мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды). Жалпы сметалық құны 389 999,0 мың теңгені құрайтын жобаға 2019 жылдың 12 маусымында №19-0147/19 санды мемлекеттік кешенді сараптамасы қорытындысы алынды.

Рысбек батыр, Кәріқорған-Тасбастау, Жаңаталап-Ақтоған, Бәйтерек ауылдары бойынша – «Сыр Жоба» ЖШС-гі (ЖСҚ 25-тамыз басталды, 25-желтоқсанда аяқталды, сараптамаға ашық конкурс жарияланып, нәтижесінде «СтройПродуктив» ЖШС келісім шартқа отырды).

Міне, бұл қырағы қадағалау мен жыл басындағы жоспарлы жұмыстың жемісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір