• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:33:46
Алматы
+35°

Жамбыл облысында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламысы шеңберінде жол құрылысына жыл санап жіті көңіл бөлінуде. Бұрынғы кезі ат тұяғы жете бермейтін жерге бүгінде жұртшылық тастайдай тегіс жолдармен қатынауда. Одан бөлек, аудан мен ауылішілік жолдардың да сапасы жыл санап жақсаруда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2019 жылы Жуалы аудандық маңызы бар 7,033 шақырым автомобиль жолдарына 119 938,9 мың теңге қаржы бөлініп, орта жөндеуден өткізіледі. Нәтижесінде жақсы және қанағаттандырылық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар үлесі 88,0 пайызды құрайтын болады. Есепті жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдар атасақ.

Аудандық мәндегі «Талапты-Алатау-Застава» - 12,3 шқ автомобиль жолын орта жөндеу бойынша жұмысы 2019 жылға өтпелі. 2019 жылға бөлінген қаржы көлемі 28 862,9 мың теңге. Жұмыстар туақытылы толық атқарылып, маусым айының 20 жұлдызына автомобиль жолы қабылдап алынды.

Аудандық мәндегі «Жаңаталап-Күркіресу» - 3,069 шқ автомобиль жолын орта жөндеу бойынша бөлінген қаржы көлемі 47057,0 мың теңге. Конкурс облыстық басқарма арқылы жарияланды. Жеңімпаз мердігер «Рауан» ЖШС анықталып, келісім-шарт жасалып, жұмыстар 01 маусымда басталды. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстар атқарылауда.

Сонымен қатар қосымша облыстық бюджеттен 44 019,0 мың теңге «Шақпақата-Т.Дүйсебайұлы» автомобиль жолын орта жөндеуге бөлініп шілде айында жұмыстар басталды. Ұтып алған мердігер «Тараз көлік жолы» ЖШС.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламысының шеңберінде Жуалы ауданының елді мекендерінің инфрақұрылымдық кешенін жаңғырту іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылға Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтерге ұсынылған 23 жобаға қорытынды беріліп, 46 301,0 мың теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылауда.

Шындығы керек, бұрнағы кезі Мойынқұм, Сарысу, Талас сынды шалғай аудандарға жету қиынның-қиыны етін. Себебі жолдың аты болғанымен, заты сын көтермейтін. Кейінгі онжылдықта Талас пен Сарысу ауданыда «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бағыт алып, аталмыш елді мекендерге қатынау екі-үш есеге оңай түскен-ді. Енді биылдан бастап Меркі ауданынан Мойынқұмға бет алған асфальт жол толықтай жаңартудан өтуде. Одан бөлек, Жуалы ауданы сынды ауылішілік жолдардың да жақсарып жатқаны қуантады. Бұл сөз жоқ мемлекеттік бағдармалардың бұқара беріп жатқан мол ырыздығы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір