• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:53:28
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында алты басымдықты белгілеп бергені белгілі. Жолдау міндеттері Жамбыл облысында жүйелі орындалуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Жолдаудағы бірінші басымдық –халық табысының өсуі. Екінші басымдық – тұрмыс сапасын арттыру.Үшінші басымдық – өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру. Төртінші басымдық – азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат.

Бесінші басымдық – тиімді сыртқы саясат. Алтыншы басымдық – әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы.

Қазақстанның әр азаматының әл-ауқатын арттыруға бағытталған, қажетті шешімдерді қамтитын бұл Жолдау мемлекеттік органдар, бизнес пен қоғам үшін іс-қимылдың тұтас стратегиясын айқындайтын, өзінің мәні мен мазмұны жағынан ерекше құжат.

Бұл жаңа әлеуметтік бастамалар қоғамымыздың әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын ары қарай жақсарта түсуге бағытталған.

Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялаған болатын.

Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», тағы басқа бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.

2019 жылдың қаңтар – маусым айларында атқарылған шаралардың нәтижесінде Жуалы ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді.

Жалпы алғанда, аудан экономикасы еліміздің біртұтас экономикалық кеңістігінің құрамдас бөлшегі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне жылдан-жылға артығымен қол жеткізілуде.

Бұл Жолдаудың тигізген шарапаты екіні даусыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір