• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:45:32
Алматы
+35°

Жамбылда шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру бағдарламасы бағдарын табудадеп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бүгінгі күнге өңірде 5 шағын микрокредиттік ұйымдар кәсіпкерлік субъектілеріне несие тарату қызметімен айналысуда. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында осы ұйымдар барлығы 2513 адамға 1 395 075,0 мың теңге несие таратса, Жуалы ауданы да өз еншісін алып отыр.

«KazMicroFinance» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жуалы ауданындағы бөлімшесімен 1626 адамға 915 млн. 215 мың теңге несие берілген.

«Жуалы» несие серіктестігі» ЖШС-мен 23 адамға 167 млн. 777 мың теңге несие босатылған.

«Азия несие қоры» ЖШС-гі 476 адамға 151 млн. 868 мың теңге көлемінде несие таратқан.

«Арнұр-Кредит» ЖШС-гі микрокредиттік ұйымымен 388 адамға 160 млн. 215 мың теңге несие үлестірген.

«Жуалы-Рантье» шағын кредиттік ұйымы қаңтар-наурыз айларында ешқандай несие таратқан жоқ, тек қана бұрынғы берілген несиелерді жинақтау жұмысымен айналысуда.

«Қазгидрооперейтинг» ЖШС-мен «Көк сай» каналының бойынан қуаттылығы 18 мВт. құрайтын кіші су электр станцияларының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны 5,2 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі күні «Қазгидрооперейтинг» ЖШС-гімен ГЭС-тің 4 каскадын тұрғызу үшін іргетасын бекіту және бетондау жұмыстары жүргізілді. Электр станциясының құрылғылары тапсырыспен Австрия мемлекетінде дайындалуда. Бірінші каскадты іске қосу ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына, ал толықтай іске қосу 2019 жылдың соңына жоспарлануда. Қазіргі уақытқа осы кәсіпорынмен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 494,0 млн.теңгені құрап отыр.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Кәсіпкерлікті қолдау картасын екінші өзектендіру мақсатында, бүгінгі күні ауданда жаңа ережелердің талаптарына сай келетін 1 жобамен жұмыс жүргізілуде. Ол, Шақпақ ауылдық округінен қуаттылығы жылына 17550 тонна жол битумын шығаратын кіші зауыт құрылысының басталуы. Жоба құны 161,0 млн.теңгені құрайды. Құрылысты «Шақпақжол Сервис» ЖШС-гі жүргізуде. Жоба облыстық кәсіпкерлікті қолдау картасына енді және 2019 жылдың маусым айында іске қосылады деп жоспарлануда.

Есепті мерзімге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытымен субсидияланатын несие алу және инфрақұрылым жүргізу мақсатында ауданның ауылдық округтерінен келіп түскен ұсыныстар (жобалар) сараланып, 6 нақты жобамен жұмыс жүргізілді. Бүгінгі күнге 6 кәсіпкер (Қарасаз ауылдық округінен «Дидар» шаруа қожалығы – 4,483 млн.

теңге, Көкбастау ауылдық округінен Жеке кәсіпкер «Тоқтаев» – 21,1 млн. теңге, Б.Момышұлы ауылынан Жеке кәсіпкер «Ибрагимова» – 4,939 млн.теңге, «Атамекен» сауда өнідірістік компаниясы – 60,0 млн.теңге, Жеке кәсіпкер «Happy» – 11,0 млн. теңге, Жеке кәсіпкер «Байтақов К» – 11,0 млн. теңге,) нәтижелі жұмыстар атқарып, аймақтық үйлестіру кеңесінің оң шешімін алып, екінші деңгейлі банктерден несие алып жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы 6 кәсіпкер 112,522 млн. теңге көлемінде несие алып, нәтижесінде 17 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір