• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 10:13:23
Алматы облысы Шамалған бекетінде пойыз автобусты соғып өтті (видео)

24 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда балаларға арналған ерекше байқау өтіп жатыр

Жамбылда балаларға арналған ерекше байқау өтуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында жыл сайын балалар мен жасөспірімдер тақырыбына қалам тербейтін қазақ ақындары мен жазушыларының шығармашылығына арналған «Әлемді кітап арқылы танимын» атты көркем әдебиет туындыларын ең көп оқитын оқырмандар арасында облыстық байқау өткізіліп келеді. Өткен жылы осындай іс-шара айтулы балалар ақыны Сұлтан Қалиевтің шығармаларына арналған еді.

Ал биыл осы байқауға қазақ балалар әдебиетінің көрнекті тұлғасы, республикалық жабық әдеби конкурстардың алты дүркін, халықаралық «Дарабоз» конкурсының екі дүркін лауреаты, сол конкурстың 2015 жылғы Гран-при иегері Пернебай Дүйсенбиннің шығармашылығы таңдалып алынған. Байқаудың биылғы алғашқы іс-шарасы Сарысу ауданынан бастау алыптыы. Оған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова мен бөлім меңгерушісі Жанар Тәттімбетова, кітапханалар жүйесінің директоры Света Қожаназарова қатысып байқауға қазылық етті.

Айта кету керек, байқауда қатысушылар "Мен - кітапхананың тұрақты оқырманымын", "Пернебай Дүйсенбин - балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы", "Портрет галереясы", "Жазушының өмірі мен шығармашылығы" сынды төрт аталым бойынша сынға түскен.

Үміткерлер жазушының әңгімелерінен, ертегілері мен аңыздарынан, повестерінен үзінділерді жатқа оқыды. Сондай-ақ "Алпамыс батыр" драмасы бойынша сахналық көріністер қойды.

Әрине, сайыс болған соң үздіктердің жеңіске жетуі заңдылық. Осы орайда 24 үміткер қатысқан сайыста қазылар алқасының шешімімен Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектептің 4- сынып оқушысы Есенгелді Асылай мен Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Тыныштықбай Елдос өз қатарластары арасынан оқ бойы озық шығып, жеңімпаз атанды. Енді олар үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Тараз қаласында өтетін облыстық байқауда өз бақтарын сынайды.

-Осы байқаудың негізгі мақсаты қазақ балалар жазушыларының сан алуан тақырыптағы көркем шығармалары, танымдық тәрбиелік туындылары, ертегілері мен аңыздары, повестері мен әңгімелері, өлеңдері мен жырлары

арқылы жас жеткіншектердің кітапқа деген үлкен қызығушылығын ояту еді. Сол тұрғыдан келгенде байқаудың балғын оқырмандарға берері мол. Осындай ізгілікті, рухани шаралар бұдан былай да өз жалғасын таба беретініне сенеміз,-дейді Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Айтбала Жолмаханова.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір