• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:54:45
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Жұманқұлов денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Басқосу барысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру меселелері қаралды. Кездесуде сөз алған Жамбыл облысы бойынша «Азаматтық Альянс» Ассоциациясы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Заир Юлдашев, жиналғандарға басқосудың маңыздылығы және денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп көптеген мәселелердің шешімін табуға болатынын айтты

Келесі кезекте облыстың бас дәрігері жиынға қатысушыларға денсаулық сақтау жүйесінде атқырылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол алғашқы медициналық көмекті жақсарту жөніндегі шаралар туралы, кадрлар тапшылығы мәселесін шешу, мамандарды шетелде оқыту, жаңа медициналық нысандар салу және ауруханалық секторды оңтайландыру туралы кеңінен тоқталды. Сөз соңында Марат Жұманқұлов үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне «Біз қашан да сіздердің салаға қатысты сұрақтарыңызды, ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдауға, шешімін таппай жатқан мәселелерді шешуге дайынбыз, біз диалогқа ашықпыз», - деді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына алғашқылардың бірі болып «Нұр бала» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әйгерім Дәулетбаева гинекологтың қабылдауы кезінде көтеру креслосына мұқтаж арбадағы әйелдердің мәселесін тілге тиек етті. Оларға мұндай арнайы жабдыққа тапсырыс берсе деген тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, ол емханаларда генетик және маммолог сияқты дәрігерлердің қабылдауымен мүгедек әйелдерге арналған «Ашық есік күндерін» өткізуді сұрады.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Мұхаббат Миражапованың өтініші медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға арналды. Ол аудандық емханаларда ересектер мен балаларға жеке, арнайы дәрігерлер бөлінсе деген ұсыныс айтты.

Кездесу барысында оған қатысушылар денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы өз пікірлерін білдірді және салада қордаланған бірқатар мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарын ортаға салды. ҰЕҰ мен денсаулық сақтау басқармасы арасындағы мұндай кездесулер алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын болып бекітілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір