• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:47:34
Алматы
+35°

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей тапсырмасына сәйкес, өңірдегі су қоймаларының тиімділігін арттыруға баса назар аударылуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жамбыл су қоймалары» мемлекеттік мекемесі құрылған 2012 жылы оның теңгерімінде 30 су қоймасы болған екен. Былтыр олардың саны 73-ке жетсе, биыл 100-ден асып жығылыпты. Бұл иесіз, белгісіз жатқан су қоймаларын анықтау жұмыстарының нәтижесі екендігі даусыз. Сондай-ақ «Жамбыл су қоймасы» мекемесінің мамандары «Қазсушар» секілді республикалық кәсіпорындардың қарамағындағы су қоймаларын өз теңгердеріміне алудың тиімділігі мол екенін айтады.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов мекеменің теңгеріміндегі су қоймалардың саны ұлғайғандықтан, айрықша қолдау білдіріп, материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында жергілікті бюджеттен 38 миллион теңге қаржы бөлуге ықпал етіпті. Соның арқасында материалдық база күшейтіліп, бөлінген қаржыға қажетті құрал-саймандар алынған. Одан бөлек, жаңа техникалармен қамтамасыз етіліп, су қоймалардың техникалық жағдайын өз деңгейінде қадағалау мақсатында қосымша 15 штаттық бірлік беріліпті.

Бүгінде мекеменің теңгеріміндегі су қоймалары мен бөгеттер 5 аудандық бөлімшелерге бөлініп берілген. Бұл бөлімшелерде қазіргі таңда жалпы саны 36 қызметкер жұмыс атқарады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес суармалы егістік жерлердің алқабын ұлғайту мақсатында су қоймаларының техникалық жағдайын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар да жүктелген.

Қазір су қоймаларының жағдайы жергілікті биліктің басты назарында. Өйткені, өңірдегі суармалы егістік албының көлемін арттыру үшін бұл нысандардың тигізер пайдасы мол. Сондықтан да жөндеу жұмыстарына көңіл бөлінуде. Былтыр аймақтағы 5 су қоймасына «Жамбыл су қоймалары» мекемесінің күшімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Мысалы, Байзақ аудандық бөлімшесіне қарасты «Көшеней» су қоймасының сыйымдылығы 800 мың текшеметр. Оның 800 метр бөгетінің 36 метріне топырақ тасталып, жалы биіктетілген. Ал «Шәлке» су қомасының сыйымдылығы 550 текшеметр. Оның да 1 шақырым 800 метр болатын бөгетінің 148 метрі жөнделіпті. Аталмыш су қоймаларын жөндеу үшін «Жамбыл су қоймасы» кәсіпорнының 1 эксковаторы, аудандағы бөлімше мамандары жұмылдырылып, бірлі-жарым шаруашылықтың техникасы пайдаланылып, жұмысшылары көмек берген. «Көшеней» су қоймасының суы егістікке пайдаланылса, «Шәлке» су қоймасы балық шаруашылығы және басқа су қоймаларына су жіберіп отыруға арналған екен. Бөгеттер 2 метрге дейін биіктетілген.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғаса беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір