• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:12:28
Алматы
+35°

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қызметке кіріскен алғашқы күндерден бастап көне шаһар аумағындағы көшелер мен әлеуметтік нысандарды тұрақты түрде аралап келеді. Мұндағы мақсат-туындап отырған мәселелердің байыбына тереңірек көз жеткізіп қана қоймай, тұрғындардың талап-тілегін тыңдау. Есесіне бұл әдіс жұмыстың тиімділігін арттыруға да оң септігін тигізіп жатқаны жасырын емес. Тіпті, шаһар басшысының тазалық жұмыстарына тікелей өзі бас болып, атсалысуы да жергілікті жұртшылықты сүйтінтіп тастағаны сөзсіз.

Қазір Тараз қаласында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Негізгі күш шаһардың орталығындағы «Шахристан» кешенін жаңғырту жұмыстарына жұмыстарына жұмылдырылуда. Сонымен қатар өзге аумақтарда да тынымсыз тірлік жалғасуда. Қаланың бір бөлігінде әлеуметтік жатақханалар бой көтеріп жатса, енді бір аумағында кәсіпкерлік нысандарының қатары көбеюде. Сонымен қатар жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстарының сапалы әрі уақтылы аяқталуына да баса назар аударылуда. Ал тағы бір тұста жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Мұның бәрі де әлеуметтік игілігіне бағытталған шаруа. Бұл тұрғыда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қатаң қадаға да керек. Осы орайда жергілікті шенеуніктер құрылыс барысын өз бақылауларына алып, нысардарға жиі-жиі ат басын бұруда.

Күні кеше Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қаланың «Тайвань» аумағында басталған жолдарға орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ұзындығы 2 шақырым болатын Баженов көшесінде асфальттау жұмыстарын жүргізіп отырған «Тараз көлік жолы» ЖШС-нің жұмыс сапасына көз жеткізді.

Одан кейін Қайрат Әскербекұлы «Шалғай Қарасуға» жол тартты. Мұнда таяуда ғана асфальт төселген Прибалхашская, Тепловозная көшелерінің жол жабындысының қалыңдығын, сапасын көріп, ендігі жерде балалардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер жолын салу және жол белгілерін орнату қажеттігі туралы сала мамандарына тапсырма берді. Аумақтың жол жабындысымен танысып тұрған қала әкімін көрген аумақ тұрғындары, көп жылғы тілектерінің орындалғанына алғыстарын жаудырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір