• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:01:56
Алматы
+35°

Аса күрделі саяси, экономикалық қиыншылықтар шағында өз алдына отау тіккен Жамбыл облысында 1939 жылы жүргізілген санағы нәтижесі бойынша 320 390 тұрғын тұрған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алғашында 9 ауданнан тұрған облыс құрамына Оңтүстік Қазақстан облысынан 6 аудан, Алматы облысынан 3 аудан берілген екен. «Сол кездегі облыста мекендейтін 320 390 тұрғы 121 селолық, 4 қалалық және поселкелік советтерге біріктірілді» делінген архив деректерінде. Ал 1939 жылы жүргізілген халық санағы кезінде облыс аумағында 1154 елді мекен болған. Облыстағы халық тығыздығы 1шаршы километрге 2,6 адамнан келді. Сарысу ауданында бұл көрсеткіш небәрі 0,4-ке тең болды.

Ресми мәліметтер 80 жыл бұрын жамбылдықтардың 30 пайызы Жамбыл қаласымен бірге Шу, Луговое (қазіргі Құлан), Мерке сынды аудан орталықтарындағы жұмысшы поселкелерінде тұрғанын дәлелдейді. Бір ғана Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласын облыс құрылған алғашқы жылдары 51 961 тұрғын мекен етіпті. Оның 31 952-і орыс халқынан болса, Жамбылдағы жергілікті қазақтардың саны 10 404-тің шамасында болған. Сондай-ақ жаңадан құрылған облыстың орталығында 5946 өзбек, 1854 татар, 9197 татар және 3875 өзге ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешкен. Қала тұрғындарының басым бөлігінен 60 жасқа дейінгі тұрғындар құраған. Сондай-ақ Жамбыл қаласы тұрғындары қатысты бір қызық дерек. Жамбылдық (қалалық) ер азаматтардың саны әйелдерден 1300-ге көп болған көрінеді.Әрі қалалық ер азаматтардың 90 пайызы қара таныса, сауатты нәзікжандылардың үлесі 25 пайызға тең болған.

Тұрғындар саны жөнінен Жамбыл қаласынан соң Шу, Меркі мен Қордай аудандары көш бастады. Халқының саны Жамбыл қаласымен шамалас Шу өңірінде сол жылдары 45 387 адам өмір сүрген. Меркі ауданындағы халықтың жалпы 40 556-ға жетті. Ал Қордай ауданындағы халықтың жалпы саны 36 295 болды. Свердлов (қазіргі Байзақ ауданы) ауданында халық тығыз шоғырланды. Архив деректері свердловтықтардың жалпы санын 24 570 адам болғанын көрсетеді. Сондай-ақ Красногорск ауданында 14160 мың адам тұрса, Көктерек ауданында 12 116 тұрғын мекен еткен. Сарысу, Талас аудандарында да халық тығыздығы өте төмен болды. Мәселен Сарысу ауданында 1939 жылы 12 194 адам тұрса, таластықтардың жалпы саны 17 941 болған.

Ал қазір облыс тұрғындарының жалпы саны 1 миллионнан асып жығылады. Әрі өңірде жыл санап табиғи өсім байқалуда. 80 жыл бұрын небәрі 54 мың жуық тұрғын тұрған Тараз қаласының халқы бұл күнде 6 есеге дейін ұлғайған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір