• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 10:12:14
Алматы облысы Шамалған бекетінде пойыз автобусты соғып өтті (видео)

25 Тамыз, 2019 Аймақтар

Тараздағы Әулие Қарахан бабаның мазарына жерленген кім?  

 

Тараз қаласындағы киелі жерлердің бірі саналатын әулие Қарахана Қарахан кесенесінде жерленген адам Қарлұқ билеушісі болған және Қарахан титулын иемденген Сатұқ Боғра Қараханның атасы Құл Білге Қадірхан болуы мүмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы тарихшы ғалымдар әлі күнге «Қарахан кесенесінде кімнің жерленуі мүмкін?» деген сауалмен бас қатырып келеді. Өйткені күні бүгінге дейін айтылып жүрген Қарахан әулие атауындағы «Қарахан» сөзі адамның аты емес оның әлеуметтік мәртебесін айғақтайтын сөз болып шықты. Сондықтан тарихшылар Қарахан әулие кесенесінде жерленуі мүмкін адам жайында әртүрлі деректер келтіреді. Мәселен кей деректе Қарахан титулын иеленіп, Тараздағы ең атақты кесенеден мәңгілік ұйқыдан жатқан адамның шын есімі Ша Махмуд болуы мүмкіндігі жайында айтылады.

Алайда «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкері Асылжан Шайділдаев Каллаур мен Панковтың деректеріне сүйене отырып Қарахан баба кесенесінде жатқан тарихи тұлға жайында тың дерек келтіреді.

–Деректерді салыстырып қарап отырсақ Тараздағы Әулиеата Қарахан бабамыздың орнында менің ойымша Сатұқ Қараханның түп атасы Құл Білге Қадірхан жатқан секілді. Бұл патша ең бірінші ислам дінін ұстаушы да таратушы да болған шындық. Сөйтіп, алғашқы Қарлұқ қағанатын құрушы адам да осы кісі. Сол дәуірде Тараз қаласының Қарлұқ қағанатының орталығы болғандығы тағы бар, –дейді тарихшы.

Тарихшы сондай-ақ күні бүгінге дейін айтылып келген Шах Махмуд Боғра хан мен Айша бибі анамыздың арасындағы махаббат хикаясының кей тұстарының шындыққа сай келмейтінін айтады.

–Біз әлі күнге дейін Әулиеата аталған Тараздағы Қарахан кесенесінде жатқан Қараханды Шах Махмуд хан деп насихаттап келеміз. Алайда Айша бибі анамыз бен мәңгілік махаббат құрып, ғасырлар сынағынан өткен ескерткіш тұрғызған деп жүрген Шах Махмуд хан 1070 жылы қайтыс болған. Ал, Айша анамыз шамамен 1185 жылдары өмірге келген. Демек Айша бибі мен Шах Махмудтың өмір сүру дәуірлерінің сәйкес келмеуіне орай, Тараз қаласының орталығында орналасқан киелі мазардың Әулиеата-Шах Махмудтікі емес-ау деген ойға жетелейді, – дейді ғалым

Жоғары да келтірген мысалдар мен фактілерді алға тарта отырып ғалым Тараздағы Қарахан баба мазарында мәңгілік құшағына енген Қарлұқ билеушісі болған және Қарахан титулын иемденген Сатұқ Боғра Қараханның атасы Құл Білге Қадірхан болуы мүмкін деген тұжырымды ұсынады. Ал ғылымның күні бүгінге дейін Махмуд ханның Қарахан кесенесінде жерленді деген нұсқаны ұсынуы оның өз бабасы Құл Білге Қадірханнан гөрі абыройлы болуынан мүмкін.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір