• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:56:23
Алматы
+35°

Қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолында қилы тағдырында қалатын тарихи жерлер Жамбыл облысының аумағында да жетіп артылады. Ел тарихында елеулі өзгерістер ала келген оқиғаның бірі Ойранды оқиғасы. Ойранды оқиғасы бүгінгі Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылының тұсындағы тау шатқалына кіреберістегі жазықты алқапта болған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халық тарихында үлкен орынға ие оқиғалар орын алып, ел аузында сақталған қасиетті де қастерлі жерлердің біртұтас желісін жасау мақсатында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаны қолға алуды тапсырғаны белгілі. Міне осы жобаның өңірлік баламалы нұсқасына енген Ойранды жерінде орын алған оқиғаның да тарихи маңызы бар.

Ойранды деп аталатын бұл жерде қалмақтар қазақтардан жеңіліп, ойраны шыққан. Сондықтан жергілікті халық бұл оқиғаны жақсы ырымға балап қалмақтар ойран болған жерді Ойранды деп атап кетті.

Ойранды аумағындағы соғыс алаңында ірі-ірі тастар қатарынан тізбектіліп қойылған. Аңыздар желісі бойынша бұл тастар жоңғарлармен соғыс кезінде жау аттарының екпінін қайтару үшін қойылған екен.

Көнекөз қариялар Ойрандымен бірге, Ақсарай, Қалмаққия жерлерінде де үлкен соғыс болғанын растайды. Қалмақтардың соғысы Қазақ елінің тәуелсіздігіне мейлінше қауіп төндірді. Қазақ халқын талқандауды мақсат еткен қалмақтар өздерінің жоспарын тезірек іске асыруға талпынды. Бірақ Тоғызақ батыр жасақшыларымен тізе қосып жауға қарсы ерлікпен шайқасып, тойтарыс берген.

Ел аузында кең тараған әңгімелердің бірінде қалмақтар осы Ойранды даласында жеңіліп, асудан қашқан дейді. Бытырай қашқан жау қолын қазіргі «Ақсарай» деген жерде жауды күтіп алып, тағы да соққы берген. Асуға барар жол қазақтардың қолында болғандықтан жаулар «Қаратас» жанындағы бітеу шатқалмен қашуға тура келген. Асу құз, жартасты болғандықтан тұрып қалады. Қашарға жер таппаған жау әскері ойраны шығып жеңілген екен.

Тағы бір аңыздарда Ойранды өзенінің маңында бір кездері қырғыз-қазақтың арасында қарулы соғыс болған көрінеді. Екі жақтан да адам шығыны көп болғандықтан бұл жер «Ойран болады, Ойранды» деп аталған екен.

Белгілі қазақ қаламгері Әбіш Кекілбаев: «Қалмақпен шешуші соғыс Жамбыл облысы, «Тұтқынсай» деген жерде болған. Бұл жер Әулие бұлақ жеріндегі қазіргі «Ойранды» деп баяндайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір